22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер Кеңесі Төралқасының кеңейтілген отырысы өтті

Өскемен қалалық ардагерлер кеңесінің ардагерлерді есепке алу, кадрларды іріктеу, орналастыру жөніндегі жұмысы туралы төраға О. Г. Фролов есеп берді.

Ұлан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Е. Бақымбаев «Дәнекер» жобасын іске асыру бойынша Ұлан ауданының ардагерлер ұйымдарының қызметі туралы ақпарат берді.

Облыстық ардагерлер кеңесінің 2022 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды.

Отырыс соңында облыстық ардагерлер кеңесінің патриоттық және адамгершілік тәрбие мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы      А. К. Федоровқа «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық Кеңесінің «Құрмет Белгісі» табыс етілді.