5 қазанда «Уба» шипажайында ардагерлер ұйымының 35 жылдығына арналған Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің пленумы өтті
«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы А.С. Шерубаев құттықтау сөз сөйлеп, облыстың ардагерлер ұйымдары жүргізіп жатқан жұмыстар туралы айтып, ардагерлердің жастарды тәрбиелеудегі рөлін атап өтті, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы аясында жұмысты жандандыруға шақырды.
Пленумда «Шығыс Қазақстан облысының үздік бастауыш ардагерлер ұйымы» байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтті:
Бас жүлдені Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің бастауыш ардагерлер ұйымы алды (төрайымы Сергиенко Л.С.);
1-ші орынды Шемонаиха қаласының Орталық бастауыш ардагерлер ұйымы (төрайымы Н.М. Пучкова);
2-ші орынды бастауыш ардагерлер ұйымдары: Глубокое ауданының Белоусовка ауылы (төрайымы Дружинина Л.В.) және Зайсан ауданының Қарабұлақ ауылы (төраға Тауасаров К.А.);
3-ші орынды бастауыш ардагерлер ұйымдары: Риддер қ. 4-ші ауданы (төрайымы Чернова Т.И.), Риддер қ. «Қазцинкмаш» ӨК (төрайымы Абакумова М.В.), Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округі (төраға Оразаев Ә.).
Облыстық ардагерлер кеңесінің құрмет грамоталарымен Өскемен қаласының №5 аумақтық басқару орталығының (төрайымы Н.Ф. Уколова), Өскемен қаласының №8 аумақтық басқару орталығының (төрайымы Р.В. Катрук), Күршім ауданының Қалжыр ауылдық округінің (төраға Қ.Ш. Қонақбаев) бастауыш ардагерлер ұйымдары марапатталды.
Ардагерлер қозғалысының дамуына қосқан үлесі, белсенді өмірлік ұстанымы және 35 жылдығына байланысты облыстық ардагерлер кеңесінің Құрмет грамоталарымен бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары марапатталды: С.В. Кимасова (Глубокое ауданының Веселовка ауылы), А.К. Кунфейсов (Зайсан ауданының Шілікті ауылдық округі), Қ.А. Төлегетаев (Катонқарағай ауданының Ақсу ауылдық округі), Н.В. Сивицкая (Катонқарағай ауданының Солдатово ауылдық округі), Қ.Қабдуалиев (с. Күршім), А. М. Сорокоумов (Шемонаиха аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары).
6 қазанда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметов ардагерлерді облыстық ардагерлер ұйымының 35 жылдығымен және қарттар күнімен құттықтап, еліміздің дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс айтты. Ардагерлер қозғалысы белсенділерін марапаттау рәсімі өтті. Шығыс Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен еңбек ардагері А.А. Құрманғалиев марапатталды. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хаттары: О.Г. Фролов – Өскемен қаласы, А.Е. Бақімбаев – Ұлан ауданы, Т.К. Молдаханов – Зайсан ауданы ардагерлер кеңесінің төраағаларына табысталды.
Соңында мерекелік концерт өтті.















