Қайтыс болған сарбаздың планшеті қызына берілді

11 тамызда риддерліктер үшін маңызды және қызықты оқиға болды. Мәскеу қаласының «Пионер» іздестіру тобы 1942 жылы тамызда Ржев түбіндегі шайқаста қайтыс болған Анисим Исаевич Фоминыхтың планшетін тауып, біздің қаламызға жіберді.

Планшет марқұмның қызы Асхабова Надежда Анисимовнаға тапсырылды. Планшетпен бірге іздеушілер тағайындаған «Шагнувши в бессмертие» медалі табыс етілді.

Қыркүйек айында Надежда Анисимовна 90 жасқа толады. Ол көңілді, жігерлі, өте позитивті және мейірімді. Әрине, ол толқып,  былай деді: «Екі түн ұйықтамадым, тек сол туралы ғана ойладым, оның өзі келетіндей күттім. Өйткені, ол өмірден жастай кетті». Н.Анисимовнаны қазір балалары, немерелері, шөберелері күтіп, қамқор болып отыр. Оған шын жүректен амандық пен денсаулық тілейміз.