Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай өткізілген жұмыстар туралы ақпарат
2020 жылы Ұлы Отан соғысының 75 жылдығын мерекелеу барысында облыс әкімінің 31.03.2020 жылғы № 35-ө өкіміне сәйкес төменде аталған санаттар бойынша келесі мөлшерде біржолғы материалдық көмек көрсетілді:
1) 123 ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне - 600 000 теңге;
2) Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған 3 адамға - 100 000 теңге;
3) қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен әрі «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған 13 азаматқа – 100 000 теңге;
4) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған 23 бұрынғы тұтқынына – 100 000 теңге;
5) 660 қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің екінші некеге тұрмаған әйеліне (күйеуіне), қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші некеге тұрмаған әйеліне (күйеуіне) – 100 000 теңге;
6) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған 439 тұлғаға - 100 000 теңге;
7) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған 15055 тұлғаға - 42 500 теңге.
