Олардың есімдерімен аталды...
Ұлы Отан соғысы жауынгерлерін еске алуға арналған ескерткіштер тізімі
және мәдениет ескерткіштерінің тізімі
Шемонаиха ауданы
И.М. Астафьев және Т.С. Вербицкийге ескерткіш, ХХ ғасырдың 60 жылдары, Шемонаиха қаласы
Ескерткіш екі шеткі элементтері темір бетон монолит тақталарынан жасалған тігінен орналасқан стеладан тұрады. Жоғарғы жағында Кеңес Одағы Батырының жұлдызы мен «Батыр-жерлестерге» деген жазу орналасқан, ал шеткі бөліктердің ішкі жағында Вербицкий Тимофей Сергеевич, Астафьев Иван Михеевич деген жазулары бар. Стеланың төменгі жағында «мәңгілік алау» оты жалындаған бес жұлдыз бейнеленген. Ескерткіштің аумағы темір қоршаумен қоршалған. |
|
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлес-жауынгерлерге арналған мемориал, 1985жыл, Шемонаиха қаласы
Мемориалды кешеннің орталық бөлігінде темірбетон монолитінен жасалған биіктігі 15 м стела орналасқан. Стеланың жоғарғы жағында «1941-1945» деген жазу бар. Ескерткіштің алдыңғы бөлігі өлшемдері 30х60х2,5 см тұратын соғыс жылдарында қаза тапқан шемонаихалықтардың есімдері ойылып жазылған, екі қатар мәр-мәр плиталарынан тұрады. Стеланың екі жағында орналасқан конструктивті элементтері силикат кірпіштерден тұрғызылып, оның бетіне соғыс тақырыбындағы бедерлі композициялары түсірілген екі көркем панно бейнеленген. Мемориалды жазықтықтың алдында металдан жасалған Кеңес Одағы батырларының портреттік мүсіндік композициялары орналасқан. |
|
Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге арналған обелиск, 1969 жыл, Камышенка ауылы
Темір монолитінен жасалған тұғырда стела орнатылған, оның төменгі бөлігінде жауынгерлердің аты-жөндері ойылып жазылған плита орналасқан. Ескерткіштің орталық бөлігі азат етуші-солдаттың бедерлі мүсінінен тұрады, оның жоғарғы жағында – Ұлы Отан соғысы орденінің белгісі орналасқан. Ескерткіштің аумағы темір қоршаумен қоршалған. |
|
Ұлы отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге арналған обелиск, мүсінші Мягких В.А., Роговский А.Ф., Сидоркин А.В., сәулетші Ключнев А.И., 1972 жыл, Первомай ауылы
Кешеннің орталық бөлігінде жоғарғы жағына бедерлі Жеңіс Ордені тағылған металдан жасалған үш қырлы призма орналасқан. Ескерткіштің тұғыры темірбетонды монолиттен орындалған. Кешеннің екі жағында «Жеңіс қолтаңбалары» (соғыс жылдары бойынша жылнама) және әскери тақырыпта суреттер бейнеленген көркем паннолар орналасқан. |
|
Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге арналған обелиск, 1971 жыл, Усть-Таловка ауылы
Биіктігі 10 м құрайтын тікбұрышты стела темірбетоннан жасалған. Оның алдынғы жағына қаза тапқан жауынгерлердің аты-жөндері жазылған. Стеланың тұғырында қолын созып мәңгілік алау ұстап тұрған әйел адамның бейнесі ойылып салынған. Обелиск Өскемен қаласының көркемдік шеберханасында орындалған. Прямоугольная стела высотой 10 м выполнена из железобетона. На ней фамилии погибших воинов. У основания высечено изображение женщины с поднятой рукой, держащей чашу вечного огня. Обелиск выполнен Усть-Каменогорской художественной мастерской. |
|