Олардың есімдерімен аталды...

Ұлы Отан соғысы жауынгерлерін еске алуға арналған ескерткіштер тізімі
және мәдениет ескерткіштерінің тізімі

Тарбағатай ауданы

Шығыс Қазақстан облысының ардагерлері

Ардагерлер аллеясыХХ ғасырдың 70 жылдары, Жетіарал ауылы

   
Шығыс Қазақстан облысының ардагерлері

Жүнісқұлов бюсті, ХХ ғасырдың 80 жылдары, Көкжыра ауылы

Шәріпзада Жүнісқұлов бюсті мырышты бояумен сырланған паралепипедті тұғырдағы батырдың жартылай бұрылып тұрған монументінен тұрады. Оның жоғарғы бет жағында қаңылтыр тақтада «Ұлы Отан соғысының батыры Шәріпзада Жүнісқұлов 1922-1942» деген жазу бар. Биіктігі-2,1 м. Матиериалы – бетон.

   
Шығыс Қазақстан облысының ардагерлері

«Белгісіз жауынгер» монументі, 1980 жыл, Аксуат ауылы

Ескерткіш ортасында бетоннан жасалған тұғырда тұрған жауынгерден және оның артында орналасқан орта тұсы иілген бетон тақтадан тұрады.  Тұғырдың қырлары қайырылған, негізінің биіктігі – 2,8 м, тұғыр – 2,2 м, тақта үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігінде Жеңіс ордені, оның астында Георгиев лентасы мен гүлдесте бейнеленген. Үшінші бөлікте Георгиев лентасының орнында қаза тапқан жауынгерлер тізімі (барлығы 197 адамның аты-жөні) жазылған. Онда «1941-1945 жылдары Отан қорғау жолында құрбан болған боздақтар» деген жазу бар.