Олардың есімдерімен аталды...

Ұлы Отан соғысы жауынгерлерін еске алуға арналған ескерткіштер тізімі
және мәдениет ескерткіштерінің тізімі

Зырян ауданы

ШҚО аймағында орналасқан 
ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіштер а Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің даңқ мемориалы,1985жыл, Зырян қаласы
Ескерткіш 1941-1945 жылдары ҰОС қаза тапқан зыряндықтарға арналған. Жоба авторы сәулетші Переверзев Виктор Аркадьевич. Обелиск Жеңіс нышаны болып табылатын биіктігі 14 м тропеция тәріздес найзалардан тұрғызылған стеладан тұрады. Стеланы айландыра 3,5 м биіктікте орналасқан, диаметрі 6 м тұратын тот баспайтын болаттан жасалған шеңбер қоршап тұр. Шеңберге қоладан жасалған үлкен көлемде 1941-1945 сандары және «Никто не забыт, ничто не забыто» жазуы жазылған. Монументтің орталық бөлігінің негізі, 4 жыл соғыс мағынасын беретін төрт деңгей-алаңшадан тұратын гранит плиталармен жабылған подиумнан тұрады. Подиумда соғыс жылдары қаза тапқан және хабарсыз кеткен 3422 зыряндықтардың шойыннан құйылған аты-жөндеріжазылған 155 мемориалды тақталар бекітілген.