Олардың есімдерімен аталды...

Ұлы Отан соғысы жауынгерлерін еске алуға арналған ескерткіштер тізімі
және мәдениет ескерткіштерінің тізімі

Жарма ауданы

Шығыс Қазақстан облысының ардагерлері Кеңес Одағының батыры П.Г. Карелин тұрған үй,
1965 жыл, Шар қаласы

Жерлестерінің күшімен ол тұрған үйге 0,5х0,35 м көлемді ақ мәр-мәр тастан мемориалды тақта орнатылды. Тақтада: «Бұл үйде 1939-1941 жылдары Кеңес Одағының батыры  Петр Григорьевич Карелин тұрған» деген жазу бар.
   
Шығыс Қазақстан облысының ардагерлері

Ұлы Отан Соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге арналған мемориал,
Қалбатау ауылы

Сәл қисайтыла орналасқан тік бұрышты стилобатта орнатылған ескерткіште орталық-өзектік композиция бар. Оның геометриялық орталықтан жоғары орналасқан орталық өзегінде мәңгі алаудың бес тармақты жұлдызы орналасқан. Ансамбль алдыңғы жағынан Ұлы отан соғысы басталған және аяқталған күндер жазылған тік бұрышты екі тұғырмен көмкерілген.

   
Шығыс Қазақстан облысының ардагерлері Шығыс Қазақстан облысының ардагерлері
   
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған монумент,
ХХ ғасырдың 70 жылдары, Бірлік ауылы
Шығыс Қазақстан облысының ардагерлері Шығыс Қазақстан облысының ардагерлері
   

Теряев П.И. ескерткіші, авторы
Касенов К., 1975 жыл, Жарма ауылы

Жарма ауылында батырға ескерткіш және ол оқыған мектеп қабырғасына мемориалды тақта орнатылған.

Шығыс Қазақстан облысының ардагерлері Шығыс Қазақстан облысының ардагерлері