Олардың есімдерімен аталды...

Ұлы Отан соғысы жауынгерлерін еске алуға арналған ескерткіштер тізімі
және мәдениет ескерткіштерінің тізімі

Глубокое ауданы

Шығыс Қазақстан облысының ардагерлері

Кеңес Үкіметінің батыры Шелихов Н.С. ескерткіші,
мүсінші П.Б.Шишов, сәулетшіА.А.Миронов, 1964 жыл, Уварово ауылы

Қола түстес бюст тік төртбұрышты формалы тұғырда орналасып, ҰОС-да қаза тапқан жерлес жауынгерлерге арналған сәулеттік композициясының бөлігі болып табылады.  Бюстақ түсті мемориалды қабырғаның оң жақ бөлігінде орналасқан, оның ортасында қаза тапқан 120 батырдың есімдері қара фонға «алтын» әріптермен ойып жазылған. Стеланың артқы жағы солдат және ұшып бара жатқан жұлдызды бейнелейтін бедерлі суретпен көмкерілген. Ескерткіш алдында алаңша бар.