Олардың есімдерімен аталды...
Ұлы Отан соғысы жауынгерлерін еске алуға арналған ескерткіштер тізімі
және мәдениет ескерткіштерінің тізімі
Абай ауданы
![]() |
З.Белібаев ескерткіші, Кеңес Одағының батыры, 1985 жыл, Архат ауылы
Ұлы Отан соғысы жеңісінің 40 жылдығына орай, 1985 жылы Архат ауылында Батырға бюст-ескерткіш орнатылды. Бюст қызыл граниттен жасалып, 1,5 метрлі төрт бұрышты тұғырға орнатылды. Ескерткіш биіктігі 2,5 м. |
![]() |
Ұлы Отан Соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш, 1975 жыл, Қарауыл ауылы Монументалды кешен белгісіз жауынгердің мүсінінен, қаза тапқан және хабарсыз кеткен жерлестердің тізімі жазылған тақтадан тұрады. |