Ұлы Отан соғысы жауынгерлерін еске алуға арналған ескерткіштер тізімі
және мәдениет ескерткіштерінің тізімі
Риддер қ.
Кеңес Одағының батыры Т. Тоқтаровқа ескерткіш 1970 жылы Риддер қаласында орнатылған ескерткіш республикалық маңызға ие. Ескеркіш биіктігі 3,5 м. Мүсіншілер - В. С. Раппопорт, А. Е. Мартиросов, сәулетші – П. В. Шишов. |
|
Ұлы Отан соғысы жылдарында жарақаттардан қаза тапқан жауынгерлер зираты, 1945 жылЖерлеу рәсімі 1941 жылдың желтоқсан 1944 жылдың қазан айлары аралығында жүргізілген. Ескерткіштің өзі 1945 жылы М.К. Қайманақовтың жобасы мен бастамасы негізінде тұрғызылған. 1995 жылы ескерткішке қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Әр бір 38 зираттың басына түсті металдан жауынгердің аты-жөні, қайтыс болған күні жазылған мемориалды тақта орнатылған. Жауынгерлер жерленген жерге кішкентай бетоннан жасалған платформасы бар екі қатарлы темірбетоннан жасалған типтік үлгідегі баспалдақ апарады. Монумент орталығы бетоннан жасалып, мәр-мәр үгітіндісімен қапталған. Зират металл трубаларынан тұратын қоршаумен қоршалған. | |
«Даңқ обелискі» мемориалы, автор Ю.Г.Хабаров,1975-1985 жылдар
Обелиск ҰОС Жеңіске 30 жыл толуына орай ашылған. Жеңістің 40 жылдығына обелиск соғыста қаза тапқан Лениногорск қаласының тұрғындарының есімімен толықтырылды. Тізім қалалық военкомат пен Б.А. Осташкомен жасалған. Обелискке 5000 астам есімдер жазылған. Мемориал жоғарғы жағы біртіндеп ұлғаятын темір бетонды плиталардан жасалған стеладан тұрады. Стеланың жоғарғы жағында «Ұлы Отан Соғысы» ордені орнатылған; ортасында 1941-1945 даталары жазылған, ескерткіш тұғырында керамограниттен жасалған подиумда мәңгілік алау жүлдызы орнатылған. Ескерткіштің барлық бөліктері мыстан жасалған. Стеланың айналасында мырышпен қапталған металлдан жасалған ҰОС жылдары қаза тапқан риддершілердің тізімі жазылған символдық жартылай сфера айнала тұрғызылған.Стеланың алдында металлдан жасалған веноктар жапсырылып, гранит тумбалары тәрізді портал бейнеленген. |