Олардың есімдерімен аталды...

Ұлы Отан соғысы жауынгерлерін еске алуға арналған ескерткіштер тізімі
және мәдениет ескерткіштерінің тізімі

Семей қ.

Шығыс Қазақстан облысының ардагерлері № 3592 эвакогоспиталінде қайтыс болған қызыл әскер жаунгерлерінің зиратындағы обелиск, 1984 жыл

Ұлы отан соғысы жылдарында Семей облысында 7 эвакогоспиталь қызмет атқарды. Семей қаласында педагогикалық училище, қаржы техникумының ғимараттарында және жұқпалы аурханасында әскери номері 3592 сұрыптау госпиталі орналасқан. Осы жерден жаралы жауынгерлер басқа госпитальдарға жіберілген. Госпитальдар партиялық курстардың ғимараттарында, аумақтық ауруханаларда, физиоинститутында, ауыл шаруашылық техникумында, Киров атындағы клубта, ет комбинатының кәсіби техникалық училещесінде және Березов демалыс үйінде орналасқан болатын.

   
Шығыс Қазақстан облысының ардагерлері № 3593  эвакогоспиталінде қайтыс болған қызыл әскер жаунгерлерінің зиратындағы обелиск, 1982 жыл

Обелиск 1982 жылы орнатылған. Ол тік төрт бұрыш пішінді түсті силикат кірпішінен жасалған. Өлшемі: 3,9х1,88х0,66 м. «Здесь захоронены воины участники Великой Отечественной войны 1941-1945 гг., умершие в Семипалатинском эвакогоспитале №3593» деген жазуы бар тақта орналасқан. Обелискке асфальт жолы жайылған.

   
Шығыс Қазақстан облысының ардагерлері

«Жеңіс» мемориалы, 1985 жыл

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай 1985 жылдың 9 мамырында Семей қаласындағы саябақтың ортасында Ұлы Отан соғысы жылдарында еліміздің бостандығы жолында өз өмірлерін қиған семейліктердің құрметіне ескерткіш-момумент орнатылды. Монументалды мүсіннің авторлары: Клюшкин О.С, Семченко А.В., Тихомолов В.Ф. Архитекторы: Жук Е.А., Дроздов В.Ф., Сейдалин М.Г.

Монументтің бір бөлігі жауынгер-батыр образы– ол біреудің ұлы, біреудің әкесі, біреудің ағасы не бауыры, яғни мыңдаған қайғының жиынтығы деуге болады. Одан кейін алдымызда 18 метрлік стела көкке қадалып тұр. Оның сәулеттік композициясында арғымаққа мініп шауып келе жатқан қазақ қызы –Жеңістің хабаршысы бейнеленген. Төменде үш тостаған қойылған, олар аналардың, әйелдердің және балалардың көз жастарын бейнелейді.

Ескерткіш Ленинградтың «Монумент-скульптура» зауытында жасалған. Материалы қола. Ескерткіштің биіктігі 18 метр. Жеңімпаз жауынгердің биіктігі 4 метр, атқа мінген қыздың ауқымы 3x 3 метр. Ескерткіштің алдында мәңгілік алау жанып тұр. Төмендегі үш тостағанның ауқымы 80x 90 метр.

Шығыс Қазақстан облысының ардагерлері Шығыс Қазақстан облысының ардагерлері
   
Шығыс Қазақстан облысының ардагерлері

Азамат соғысы және Ұлы отан соғысы жылдарында тері бірлестігінен қаза тапқан батырлардың құрметіне қойылған декоративті-монументалды кешен, 1975 жыл

Монументалды ескерткіш Азамат  соғысы  және  Ұлы Отан соғысы жылдарында терібірлестігінен қаза тапқан батырлардың құрметіне қойылған