Ұлы Отан соғысы жауынгерлерін еске алуға арналған ескерткіштер тізімі
және мәдениет ескерткіштерінің тізімі
Өскемен қ.
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер мен батырларға арналған «Жеңіс» мемориалды кешені, автор В.С.Раппопорт, 1995 жыл Мемориалды кешен 1995 жылы орнатылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіштің авторлары: сәулетші С. Христофоров және танымал мүсінші В. Раппопорт.Мемориалды кеннің аумағына – қорған, тұғырға орнатылған обелиск, мәңгілік алау, есте сақтау алаңы, Батырлар қабырғасы, Аза тұту қабырғасы кіреді. Граниттен жасалған Батырлар қабырғасында ҚСРО Батырларының есімдері қоладан құйылып жазылған. Аза тұту қабырғасы сұр гранит тасына ойылып жазылған мәтіннен тұрады. Титан пластиналарымен жабылған аспанға қадалған стела - кешеннің орталық бөлігі болып табылады. Мәңгілік алау – қаза тапқан жауынгерлерді мәңгі есте сақтау нышаны. Ескерткішті өңдеу барысында қола, мәр-мәр және гранит тастарын қолданғандықтан, мемориалға қарағанда монументтілік пен аса зәулімділік сезіледі. |
|