Жеңістің 70 жылдығына арналған оқушылардың шығармалары
Ұябаева А.
Қойтас орта мектебі, 9-сынып, Күршім ауданы
«Ұлы Жеңіске» – 70 жыл
Ұлы Жеңіс бізге бекерден бекер оңайшылықпен келген жоқ. Жеңіс бізге жүрек жұтқан елім-жерім деп соққан батырларымыздың арқасы. «Ұлы отан соғысы» ұғымы 1941 жылы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан» соғысы сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде қолданылады. Елімізде 2 миллионнан астам адам міндетті әскери даярлықтан өтті. Майдандағы Қызыл Армия қатарына 1196164 Қазақстандық аттанды. Соғыс болып жатқан өңірлерден Қазақстанға 27 әскери оқу орны көшірілді. Соғыс жылдарында Қазақстаннан 1 миллион 200 мың адам әскерге алынған. Сұрапыл соғыс кезінде майдан даласында 400 мың адам қаза тауып із – түссіз жоғалып кеткен. 1945 жылы 24 маусымда Қызыл алаңда өткен Жеңіс шеруіне Қазақстаннан – 87 адам оның ішінде Алматыдан 26 жауынгер қатысқан. Біздің Серікбол Хасан деген атамыз «Ұлы Жеңіске» арнап «Ұмытпауға тиіспіз» деген өлең жолдарын былай деп жазған екен :
Қызығады әркімде,
Болса тарих сабағы.
Бабам кешкен әркүнге,
Қанығып бір қалады.
Қан майданда батырлар ,
Шегінбейді бір адым .
Деді де ағай, жақындап,
Соғыс жайлы сұрады.
Жеңістің қос бұлағы –
Қайратпенен айбын тек
Деді де ағай сұрады жеңіс күні қай күн деп?-деп.
Ұмытуға бола ма?
Жеткіздім шын көңілмен.
«9 мамыр ол аға,
«Жеңіс күні дедім мен.
«Жаратқаннан дарыған
Жерімнің бұл кеңдігі ,
Жасқанбаған жауынан
Аталардың ерлігі»
Қосып қойдым тағыда
Шығып кетті ес тіпті
Фамилямның маңына
Қонжитты ағай бестікті
Сосын ағай үн қатты:
Міне азат, келді күн
Ұмытпаңдар қымбатты
Батырлардың ерлігін!
Біздер айттық ағатай
Содан туған аймыз деп
Жеңіс күні ерлік күн
Ол күнді ұмытпаймыз деп.
«Баба ерлігін ұлықтау –
Бәрімізге тиісті іс
Дұрыс осы күнді біз,
Ұмытпауға тиіспіз!- деп бірнеше өлең жодарымен жырлап өткен.
Ата-бабаларымыз армандап өткен «Ұлы Жеңіске» биыл 70 жыл толыпты. Сізбен біз бақытты ұрпақпыз. Аталар арманы орындалып, халқымыздың арқа – жарқа көңіл- күйін көзімізбен көрдік. Қуанышқа куә болдық. Азда емес, көпте емес осынау уақыт ішінде еліміз көптеген табыстарға қол жеткізді. Әлемге әйгілі болды. Өркениетті елу елдің қатарына кіруге талаптанып жатырмыз. Үміттенудің өзі үлкен жетістік.Бүгінгі күнде аспанымызда қыран құс қалықтап, қөк туым желбіреуде. Елбасым салған жаңа «Нұрлы жол» атты саяси мемлекеттік бағдарламамен көптеген істер жаңадан жүзеге асырылуда. Елімізде тыныштық орнап, бейбіт өмір сүруде. Алдағы уақытта батырларымызды еске алып жасаған ерліктерін ұмытпай жас ұрпаққа мұра ретінде қалдырайық!