Ер есімі ел есінде...

Жеңістің 70 жылдығына арналған оқушылардың шығармалары

Түсіпов Т.А.
№ 3 орта мектебі ММ, 6 сынып, Курчатов қаласы   

Ұлы Отан Соғысы Жеңістің 70 жылдығы

«Біздің жүрегіміз темір емес.
Бірақ біз қандай  темірді болса да ерітіп,
күйдіріп жібере аламыз, біздің үрейді
жеңетін ең күшті қаруымыз бар,
ол – Отанға  деген сүйіспеншілік» 
Б.Момышұлы 

Менің есімім Тәңірберген алтыншы сынып оқушысымын. Шығыс Қазақстанда орналасқан менің шағын қалам бүкіл әлемге әйгілі, өйткені Кеңес Одағы кезінде, ягни бейбітшілік заманда Семей сынақ полигоны болды, адамдарға, жануарларға, табиғатқа көптеген айтып жеткізе алмайтын зиян келтірді. Сол болған жарылыстардың кесірін әлі күнге дейін адамдар, бейкүнә балалар көріп жатыр. Осы күзгі демалыста біздің сыныбымызды сынып жетекшіміз экскурсияға Ұлттық ядролық орталықтағы СИП (Семей сынақ полигоны) деп аталатын мұражайға апарды. Полигон туралы естігеніміз, оқығанымыз былай тұрсын, экскурсия жүргізген апайдың әңгімесін тыңдап, мұражайдағы суреттерді, қолданған заттарды көріп, қолымызбен ұстап, әсіресе жарылыстан кейін жануарлармен не болғанын  спиртталған мүсіндерді көріп, неткен қиянат, әділетсіздік. Айтқым келгені бұл да бейбіт өмірге жасалған апат, соғыс деп түсінемін.
Ең алғаш Ұлы Отан соғысы, Кеңес Одағы деген ұғымдар туралы ата – анамның әңгімесінен, үлкендерден естісем, кейінірек  қазақ тілі, орыс тілі және тарих сабақтарынан білдім. Мен қанша әңгімелер естіп, тыңдағанда менің санама соғыс бұл өмірде шынында болған ба? -  деген ой келеді. Сол соғыс жаңғырығы жылдан - жылға алыстап барады.Ол туралы теледидардағы кинолардан, фильмдерден көреміз. Жарқын болашағымыз болсын десек өзіміздің мемлекетіміздің тарихын білуге тиістіміз – деп санаймын.
ХХ ғасырдың алапаты Кеңес Одағының тарихындағы Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат төрт шамасында фашистік Германия әскері КСРО–ның батыс аймағынан Ленинградты қоршады. Германияның КСРО–ны басып алу жоспары «Барбаросса» деп аталды. Ол бойынша КСРО-ны алты, сегіз аптада жаулау алу жоспарланды. Бұл соғыс Германия тарапынан әділетсіз, агрессиялық соғыс болды. Кеңес елінің тарихында «Ұлы Отан» соғысы деп аталды. Фашизм- дүние жүзіне үстемдік орнатуға тырысқан әділетсіздік топ. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы құрамындағы халықтар үшін басына түскен сын кезең болды. Қазақстаннан әр ұлт өкілдері Ұлы Отан соғысына қатысты.
Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандықтар қолдарына қару алып бір кісідей майданға аттанып Отан анасын қорғауға ат салысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында қаза тапты. Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кетті. Біздің көптеген таныстарымыздың, менің сыныптастарымның үлкен аталарының соғыста болғандары туралы естідім. Ұлы Отан соғысы тарихы туралы қаншама шығарма жазылып, қаншама кино түсіріліп жатса да ол туралы ұмыту мүмкін емес деп ойлаймын.  Жеңіс күнін жақындатуға жол салған Рейхстағқа алғаш ту қадаған кім еді десе, біз мақтанышпен біздің Рақымжан Қошқарбаев атамыз деп білеміз.                                                                         
Рақымжан Қошқарбаевтың Ұлы Отан соғысында жасаған ерлігі барша халыққа белгілі. Ол алғашқылардың бірі болып, Берлинде Рейхстагтың үстіне қызыл ту тікті. Бұл сәуірдің 30-ы күні 18 сағат 30 минутта болған екен. Рақымжан Қошқарбаевқа «Жауынгерлік Қызыл Ту» ордені Рейхстагқа ту тіккені үшін беріліпті.  «1 дәрежелі Отан соғысы» ордендері, «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдарымен марапатталған.                                          Отан Халық қаһарманы атағы Р.Қошқарбаевқа 2001 жылы берілді. Ал Рақымжан атамыз 1988 жылы дүниеден өткен еді.Өкінішті, осындай сәтте әттеген – ай Рақымжан атамыз өзінің Халық қаһарманы екенін білмейде кетті екен.
Бауыржан Момышұлы-екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Бауыржан Момышұлы ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды.
Мәншүк Маметова-қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры. Ол 1942 жылы өзі сұранып майданға кетті, 21-атқыштар дивизиясында болды. Алғашқы күннен-ақ қаруластарын қайсарлығымен, ержүрек батылдығымен қайран қалдырды. Невель қаласын қорғау кезінде Мәншүк ақырғы оғы таусылғанша жауды жер жастандырып, ерлікпен қаза тапты.
Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова 1942 жылы өз еркімен майданға аттанып, 1943 жылы маусымда 2-Прибалтика майданының 26-атқыштар дивизиясы құрамына түсті. Ефрейтор шенінде өз дивизиясымен барлық ірі-ірі айқастарға қатысып, нағыз мергендігімен танылды. 1944 жылы Новосокольники стансасы маңындағы ауыл маңындағы шайқаста Әлия қаһармандықпен қаза тапты. Көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Алматыда Шығыстың қос шынары атанған Әлия мен Мәншүкке ескерткіш орнатылды.
 Ұлы Отан соғысына қатысқан аталарымыздың бірі біздің жерлесіміз
Шығыс Қазақстанның тумасы Қасым Кайсенов туралы жазғым келеді.
Қасым Қайсенов - Қазақстанның Халық Қаһарманы, Ұлы Отан соғы­сының ержүрек батыры, әйгілі пар­тизан, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғы­сының Ке­ңестер Одағының көптеген орден, медальдарымен марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағы­ның Бауыржан Момышұлы атын­дағы әдеби сыйлығының лауреаты көзі тірісінде аты аңыз­ға ай­налған халқымыздың қайта­лан­бас біртуар даңқты перзент Қасым Қайсенов Чапаев атындағы пар­тизан құрамасының үшінші отря­дын басқарады. Одан кейінгі кез­дерде, 1944 жылдың аяғына дейін Молдавия, Чехословакия, Румыния жеріндегі партизан қозғалыстарына қатысады. Отряд командирі болып жүріп, жау тылында жүздеген жорықты басынан өткереді. Қасым Қайсенов 2006 жылы 30 жел­тоқсан күні 89 жасқа қараған ша­ғында ауыр науқастан дүние салды. Қасым Қайсенов біздің мақтанышымыз.

«Жеңіс – оңайлықпен келген жоқ» Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ерлер мәңгі есімізде, оларға қамқорлық жасау - бүгінгі ұрпақ, біздің, қасиетті парызымыз. Ардагерлер сыйлаған жарқын болашағымызды, Отанымызды сүйіп, бағалауымыз керек.
Биыл елімізде үлкен той Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерей тойын атап өтпекпіз. 70 жылдық Ұлы Жеңіс тойын талай ерлік көрсеткен ардагерлер, қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған тыл ардагерлері, Ұлы жеңістің  құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күнін елі мен жері үшін жанын қиған, туысқандарына, туған жеріне, оралмай қалған  ерлерді бүкіл халық еске алады, ардагерлердің, Қаһарман ерлердің бастарына гүл шоқтарын қойып, тағзым етеді.
«Желбіре, жеңіс жалауы», «Ұлы батырлар мәңгі есімізде» деген ұран сөздермен өз шығармамды аяқтаймын.