Жеңістің 70 жылдығына арналған оқушылардың шығармалары
Саят Маруға
Қойтас орта мектебі, 9- сынып, Күршім ауданы
«Ұлы Жеңіске» – 70 жыл
Ұлы мейрамымыз Ұлы Жеңіске – 70 жыл толғалы отыр. Бұл қазақ елі үшін үлкен мейрам, үлкен қуаныш. 1945 жылдан бері бұл мереке ерекше тойланып отыр. Биылғы жылы, яғни 70 жыл толуы Қазақстанның әр аймағында тойланады. Қиын-қыстау күндерді басынан өткізіп елін азат ету жолында қыршын өмірін қиған аға апаларымыз қаншама. Мысалы: Шығыстың қос шынары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Сағадат Нұрмағамбетов, Жәнібек Елеусізов және т.б.
Бұл кісілердің Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Елім, жерім, Отаным деп соққан жұдырықтай жүректеріндегі сенім жеңіске бір қадам жақындата түскендей. Осындай аға-апаларымыздың арқасында міне қазір Ұлы Жеңіске 70 –жыл толғалы отыр.
Қазақстандық азаматтар 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында КСРО-ның құрамында болып Мәскеу, Лининград, Украина, Белоруся, Балтықбойы республикаларын және Молдаваны азат ету жолындағы көптеген ұрыстарға қатысқанын біреу білсе біреу біле бермейді. Қазақтың адал да, ержүрек ұл қыздары басқада республика жерлерін өздерінің туған жерлеріндей көріп, қара бұлттай қаптап, төніп келе жатқан жау қолынан азат етті. Мәскеу үшін болған шайқасты еске алар болсақ, Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы, даңқты әрі жаужүрек қолбасшы, Кеңес Одағының батыры, белгілі жазушы Бауыржан Момышұлы атамыз былай деп жазған: Біздің жүрегіміз темір емес, бірақ біздің кек Отанымыз қандай темір болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін күшті қаруымыз бар, ол - Отанға деген сүйіспеншілік.
Осындай қиын-қыстау күндерде қазақтың ұлы тұлғаларының бірі, ақын Жамбыл Жабаев батыл да, батыр ұл қыздарымызды одан әрі жігерлендіріп, жеңіске жетелеп, көңілдеріне нық сенім ұялатып «Ленинградтық өренім» өлеңін шығарды.
Осындай қолдаулардың арқасында қазір көптеген халық әр жыл сайын Ұлы Жеңісті тойлауда. Ерлігімен көзге түскен аға –апаларымыз қаншама, ол кісілер ерен еңбегі үшін Кеңес Одағының батыры атағын алды және көптеген марапаттарға ие болып, мыңдаған адамға жоғары дәрежелі әскери белгілер берілді.Мысалы: Сағадат Нұрмағамбетов, Шығыс шынарлары Әлия мен Мәншүк, Бауыржан Момышұлы ата–апаларымыз Кеңес Одағының батыры атағын алады. Кеңес Одағының батыры атағын алған ең жас ағамыз 18 жасар Жәнібек Елеусізов болды. Ол кісі Днепр үшін шайқаста өшпес ерлік көрсете білген еді.
Осындай ерлік істері мен батырлықтары Ұлы Отан тарихының өшпес ерлігі болып жаңа парақтар қосты. Біз бұл оқиғаны мәңгі ұмытпай келешекке мұра ете білуіміз керек.