Жеңістің 70 жылдығына арналған оқушылардың шығармалары
Нұрсәулет Ж.
№1 Теректі орта мектебі, 6 сынып, Күршім ауданы
Өткен күндерден естелік
Кешегі ел – жұртын оята алмай зар шегіп өткен ұлы Абайда өз ұлтына деген сүйіспеншілік сезімі қандай болып қалыптасқан еді? Ажал құрығы үйіріліп тұрған қатер астында өз өмірлерінен гөрі, тәуелсіз, бостандықты, ұлттық асыл мұратты бәрінен жоғары қойып, биік ұстап, бастарын өлімге тігіп, сол идеялар жолында мерт болып кеткен Алаш арыстары да ше? Әрине, біз олардың өз ұлтының нағыз патриоттары болғанын жақсы білеміз. Бірақ біздің бұл жердегі осы бір патриотизм деген атаудың атын атап, қолданып жатқандағы бар біліп болғанымыз, оның өз ұлтына деген жанпида сезім мен көзқарасты білдіретіндігі ғана.
Талай арыстарды өз ұлты үшін жандарын қиюға итермелеп шексіз берілдіріп қойған сезім қандай идея арқылы пайда болып жатты? Тек бұл жағына келгенде бізге ештеңе мәлім емес. Соңғы кезде қоғамда осы патриоттық тәрбиенің қажеттілігі жайлы көтерген мәселелер, жиі-жиі талқыланып та жатыр. Бірақ әліге дейін бұл сезімді баяғы ескі ізбен батырлар жырын жаттатқызу арқылы қалыртастыруға болады деп ойлайтындардың мардымсыз ұсыныстары тұтымды жауап бола алмай тұр. Олай болса, мынау ұлттық ортамызда, осы айтылып жатқан өз ұлтымызға деген патриоттық сезім деген сезімді қалай қалыптастырамыз? Әрине өз ұлттық ортамызда, өз ұлтымызға деген сүйіспеншілік сезімді қалыптастырып шығаруымыз үшін, бізге ең алдымен, өз ұлтымызға деген көзқарасымызды, патриоттық көзқарас етіп қайта қалыптастыруымыз керек. Яғни, патриоттық көзқарас жоқ жерден, ешқандай патриоттық сезімде шықпайды.
Тоқпағы мықты Кеңес дәуірі кезінде тәрбие басқаша болатын. Ол идеалогияның санаға имандай сінген кезі еді. Жастар алдыңғы буын ағаларға қарап бой түзейтін. Сондықтан Ұлы Отан соғысының тарихи мәні зор. Бұл 1941 жылғы әлемді дүр сілкіндірген қасіретті соғыс болатын. Талай боздақтың қанын жұтып, талай ананың көз жасына айналған сұм соғыстың үні әлі күнге дейін халық жадында. Сол сұм соғыстың ауыртпашылығын мойындарына жүктеген апа-аналарымыз талай күш жігерлерін сарп етті. Сол апаларымыздың бірі – Жадыранова Бижамал Теміртай қызы. Апамыз ол кезде небәрі 17 жаста ғана екен. Бижамал апа 1924 жылы Горный (қазіргі Ақбұлақ ауылы) сельсоветінің Алтынбұлақ ауылында дүниеге келген. Әкесі қарапайым шаруа адамы болған. Отбасында екі бала екен. Апаның кіші інісінің аты – Нүрсәлім. Бижамал апа жастайынан еңбекке ерте араласқан. Соғыс жылдарында тылда «Ақшоқы» шахтасында жұмыс атқарған. Жұмыстың ауырлығына қарамастан күні – түні еңбек етіп, тапқан табысын майдандағы отандастарына жіберіп отырған. Соғыстың барлық ауыртпашылығына шыдап, ерен еңбектің арқасында Бижамал апамыз талай ордендермен марапатталған. Бижамал апа өмірге екі нәресте әкелген ардақты- ана. Ұлы мен қызын жеткізіп, білім алдырып, оларды үй қылып, сол балаларынан немере, шөбере сүйген- жан. Соғыс аяқталғанан кейін апамыз 1957 жылдан бастап Марқакөл ауданы Қайнарлы ауылындағы мектепте кіші қызметкер болып жұмыс істеп, сол орынынан зейнеткерлікке шыққан. Соғыстың аяқталғанына 50 жыл толуына байланысты Бижамал апа «Құрмет» орденімен марапатталды. Өмірінің соңына дейін Бижамал апа отанымыздың аумағының бүтіндігін сақтау халықтың тыныштығын, болашақ ұрпақтың өмірінің жарғын болуына үлкен үлесін қосып кеткен, өз отанының нағыз- патриоты.
Ғұлама ғалым А. Байтұрсынұлы: «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» бекер айтылмаған шығар. Қазіргі таңда баласына қарап, бесігін түзеп отырған ел көріп отырған жоқпыз.
Ел боламын деген мемлекеттер ең алдымен ұрпақ тәрбиесін бірінші орынға шығарған еді ғой. Бізге, біздің жастарға діни тәрбие керек. Дін- тазалық, дін- отансүйгіштік. Исламның парызын, пенденің қарызын ұғынып өскен жас, әр қадамын нық басары сөзсіз. Ол үшін баланы жастан дейтін халық даналығын естен шығармасақ болғаны.