Жеңістің 70 жылдығына арналған оқушылардың шығармалары
Мұқият Айдана
Қойтас орта мектебі, 8-сынып, Күршім ауданы
Ұлы Жеңіске – 70 жыл
1945 жылдың 9-мамыры – сұрапыл соғыстың біткен күні. Ұлы жеңіс күні. Осыдан 70 жыл бұрын, бұл күні адамзат тарихындағы жойқын соғыс, «Ұлы Отан соғысы» аяқталды. Екінші дүние жүзілік соғыс, біз үшін Ұлы Отан соғысына алты материктің сол кездегі, әлемнің дербес алпыстан астам елі қатысқан болатын. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жастары, қатардағы жауынгерлері, жалпы жас ұрпақтары үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанына деген махаббат қатал соғыста жеңіске жетті. Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ешқашан ұмытылмастай ізін қалдырды. Осы сұрапыл соғыстың қан майданында қаншама жастар қыршынынан қиылды. Бұл соғыс қаншама баланы әкесінен, ағасынан ананы баласынан айырды. Көп адамдар қаза болды. Олар өз өмірлерін құрбан етсе де елін, туған жерін, Отанын қорғап қалды. Олардың ерліктері әрбіріміздің жүрегімізде мәңгілікке сақталады. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындытқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтіні белгілі болып қалмақ. Ұлы Отан соғысы жағдайларында Қазақстанның майданды ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы өсті. Қазақстан соғыс жылдары қорғаныс мамандарын дайындаудың орталығы болды. Республикада майданға жақын қалалардан көшірілген әскери училищелер орналастырылды. Ұлы Отан соғысы тарихының белгілі беттерінің бірі - Қызыл Армия үшін тау атқыштарын дайындайтын арнайы мектептің Алматыға жақын жерде ашылуы еді. Солтүстік Тянь-Шань тауларында орналасқан бұл мектептің беделі мен маңызы өте жоғары болды. Сталинград шайқасынан кейін, барлық майдандарда шабуылдар басталған кезде мектепке тау атқыштарын көптеп даярлау тапсырылды. Бастапқыда шақырылу жасына дейінгі жасөспірімдер, соңынан майдандағы офицерлер, тіпті Карпатқа, Татраға, Бескидке, Судетке, Трансильвания Альпісіне т. б. таулы аудандарға жіберілетін тұтас бөлімшелер оқытылды. Қазақстанның жұмысшы күшінің елеулі бөлігін арнайы қоныс аударғандар құрады. Соғыс басталған кезде олардан Еңбек армиялары құрылды. Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы мейрам – жаудың жеңіліп, соғысты жеңіспен аяқтадық! Бүгінде Жеңіс күні мерекесі адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш күні. Бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес, себебі оның құндылығы ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық жеңген Ұлы күн.
Құтты болсын жеңіс күні ағайын
Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.
Ата - бабам қан берісіп шайқасқан,
Ата - бабам намыс бермей айқасқан
Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз.
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған
Ардагерлер, ағаларға мың алғыс.
Қазақтың қос жұлдызы қыздары,
Қыз болса да намыс бермей қорғады.
1941 - 1945 ші жылдары
Адамдар өз елдерін қорғады.
Ал қазір бейбіт өмір басталды.
Ел қорғау адамзат үшін басты парыз
Жер қорғау адамзат үшін талмас міндет.
Біз балалар бейбіт өмір қалаймыз
Сондықтанда бейбіт бола аламыз.