Жеңістің 70 жылдығына арналған оқушылардың шығармалары
Қожаева Б.
Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназия,11 сынып,
Күршім ауданы, Боран ауылы
Ұлы Жеңіске 70 жыл
Үңіліп біз қарасақ тарих астарын,
Талай қиын түскен еді басқа мұң,
Ұлы Герман КСРО-ның жеріне,
Құрып еді «Барбаросса» жоспарын.
Жетім қылып, талай ұлттың баласын,
Жесір етті, талай қазақ анасын,
Германдардың басты үлкен мақсаты,
Жасау еді, азық-түлік базасын.
Қаймақтай ұйып, талай ұлттың бастары,
Немістер ғой қарсыласы, қастары,
Отан үшін жалындаған жігермен,
Күшті жыйып, қарсы қолды бастады.
Жүрекке салған көп болды ғой дақтары,
Мол болды ғой зардап еткен жақтары,
Қыз-келіншек түзде жұмыс істесе,
Қасіретті болды бала шақтары.
Соғыс деген бар нәрсені жоқ етеді,
Асқақтаған тауларды жер етеді,
Тіршіліктің бәрін жалмап, жұтар тажал,
Қаланы, табиғатты күйретеді.
Сұрапыл соғыс бізге аранын ашып,
Кеңеске алақұйын жалын шашып,
Сан жылдар өтсе дағы зуылдатып,
Кетті ғой жүректерге таңба басып.
Заһарлы зұлмат жанталасқан жалмауға,
Орын жоқ қой, ол кезеңде арманға,
Кескілескен шайқас болды мазасыз,
Бұрын соңды болмаған ет, жалғанда.
Құрып алып жоспарды жеделдете,
Көздеді жеңіске кенелмекке,
Саяси мақсаттары айналдыру,
Кеңесті қуыршақ мемлекетке.
Бұл күрес болған еді сан айлаған,
Құрылған жоспар менен сан айладан,
Фашисттер кеңестің халықтарын,
Бірлігі жоқ конгломерат деп ойлаған.
Өздерінен төмен санап өзгені,
Ойларының терістігін сезбеді,
Тұрақсыз, жасанды бірлестік деп,
КСРО-ны бөлшектеуді көздеді.
1 млн қазақ алынды сарбаз қатарына,
Үлес қосты бейбіт күн атарына,
Қасық қаны қалғанша күресті ғой,
Айналмас үшін немістің отарына.
Алғысы кеп Герман ауыл-қаланы,
Тұтқиылдан соққы беруді санады,
1 ай бойы жауға төтеп тұрды ғой,
Батыстағы Брест атты қамалы.
Қаншама ана сәбилерді жылатып,
Алғысы келді сан қамалды құлатып,
Брест қамалын оңайлықпен бермеді,
Қ.Тұрдыев пен Қ.Иманқұлов,Ғ.Жұматов.
Жауынгерлер жігер-күші жалындаған,
Қатысқан бұл шайқасқа жан мыңдаған,
Бақытораз Бейсекбаев ұшқыш атам,
Жау тобына жанған ұшақ бағыттаған.
Мергенікпен Әлия жау көзін құртқан,
Мәншүгіміз кіргізбеген жауды сырттан,
Ерліктің қос қанаты іспеттеніп,
Құтқарды ғой басқа төнген қара бұлттан.
Жүректе қалды соғыстың қалың мұңы,
Көрініс тапқан сан сарбаздың батырлығы,
Көкейден, санамыздан кетпес мүлдем,
Батыр ата Бауыржан Момышұлы.
Қасиетіңнен айналдым ұлы Отан,
Рухты жұрты бар елдер болмас бодан,
Шығыстың жарқыраған жұлдызы ғой,
Партизан болған тұңғыш Қасым атам.
Қасірет әкелді ғой талай жанға,
Есте қалат әр бейбіт атар таңда,
Мақтанышпен қосайын өлең-жырға,
Бұл майданға қатысқан Құмаш ата.
Махамбеттің қылышындай жарқыраған,
Құмаш атам, расымен алтын адам,
Екі аяқ, бір қолдан айрылса да,
Сұңқардай қос қанаты қайрылмаған.
Білімге де жол ашқан сол жан еді,
Аты мәңгі көкейлерден өшпесін,
Жігерлі батыл адам болған еді,
Мақтан тұтам Құмаш ата келбетін.
Сөз қозғадым батырлар жайлы бүгін,
Күшінің, бірлігінің жойқындығын,
Бет жетпес барлық батырды айта кетсем,
Білеміз ғой халғымыздың айқындығын.
Батырлығын жауына татырды анық,
Қазақ халқы ежелден батыр халық,
Мұқағали атамыз айтқандай-ақ,
Халқымыз қорғасын құяр қалып.
Бұл соғыста талай бабам жерленді,
Зар-мұңдарым өртеп өтті кеудемді,
Сұрапылда арпалысты, күресті
Жеңіс туын бірақ қолдан бермеді.
Ардагерлерім қайтпадың өрден кері,
Соғыстың қиындығы көргендері,
Жеңістің туындай жарқырап тұр,
Кеудедегі төс белгі ордендері.
Тарихта ардагерлер асқан бағаң,
Менің жұртым ешкімнен жасқанбаған,
Тек қана сіздер аман болыңыздар,
Киесі рухы артқан асқар бабам!
Елі үшін түсті ерлер ауыр сынға,
Не өтпеді шомылды ел қалың мұңға,
Батырлығы ұрпаққа ұран болса,
Ерліктері әрқашан елге мұра.
Жүректіміз күш-қайрат жігер мықты,
Еңсердік сан қилы кез қиындықты,
Көз алартқан кең-байтақ жерге мынау,
45-те Герман елі тізе бүкті.
Тәңірімнен көп қой менің сұрарым,
Қаламаймын қазағымның жылауын,
Сөндірі көрме өтінемін өзіңнен,
Тәуелсіз менің елімнің жаққан шырағын.
Қиындықты енді басқа салмасын,
Енді мүлдем соғыс деген болмасын,
Бақытты боп ғұмыр кешіп барлығы,
Көздеріне мұңлы жастар толмасын.