Жеңістің 70 жылдығына арналған оқушылардың шығармалары
Қайнарбекова А.
Шәкәрім атындағы ОДБ ҮТО ММ, 8 сынып,
Семей қаласы
Отты жылдар елесі
Ешкім де ұмытылмайды,
ешнәрсе де ұмытылмақ емес
Міне, Ұлы отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан түрлі үлгісін көрсеткен, ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған егіс даласында күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз, өздерінің әкелерін, ерлерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Дегенмен де, жеңіс күні-бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жан пида еткен туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмаған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске алады .
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндердің бірі болды. Төрт жыл, бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қиып, соғыс жүріп жатты. Қазақ елі басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгер халық болған. Ұлан байтақ жерінің бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Ердің ері шыдайтын жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында олардың нәзік жүректері тасқа айналып, гүл ғұмырлары ажалдың қанды тырнағына ілікті. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына жеріне деген патриоттық сезімін ұлттық мақтанышын дәлелдеді.
Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның қазіргі Отан алдындағы борыштарын өтеп жүрген жауынгерлер үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл-бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеудің жоғары адамгершіліктің негізі. Осы жеңіс күні-абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста жеңіске жеткізді ,- деп ойлаймын.
Неменеге жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнекей жағада тұр,- деп тебіренген Мұкағали мұңында жұмыр басты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр .
Қариялар азайып бара жатқанына әсіресе, олардың ортасында Ұлы Отан соғысына аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл сайын азайып бара жатыр емес пе ?! Солардың жанымен , қанымен , терімен ,көз жасымен күшімен, ісімен, ерлігіме, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауын жеңіп, тауын шағып ,туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн -Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл-Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған, қамқор болып оралған арттағы қалың елге қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол - өмір заңы.
Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы мейрам - жаудың жеңіліп, соғысты жеңіспен аяқтадық!
Бүгін де Жеңіс күні мерекесі адамдардың ұлтыны, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш күні. Бұл қастерлі мейрамның мән- мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес, себебі оның құндылығы ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық женген Ұлы күн!
Ендеше, бейбіт көк аспанды кейінгі ұрпақ үшін киелі болсын деп қан – майданға аттанған жауынгер аталарымызды атап өтсем, олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және тағы да басқалары. Олар жауға қарсы шайқастардағы алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп, өз батырлықтарын, қайсарлықтарын халыққа паш етті.
Мың жылда тұлғалардың фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр. Әйтсе де, Баубек пен Бауыржанның батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі – бүгінгі ұрпаққа өнеге «Ерлер елі үшін туады, елі үшін өледі» демекші, «елім» деп еңіреп туған ерлердің есімі елеусіз қалмайды. Сол Ұлы Отан соғысы жылдары халқымыз қайсар ұл- қыздары тірлігіне санап, кемел келешегін соларға сеніп тапсырды. Ерлеріміз «Отан» деген ұғымның оттан да ыстық қасиетіне бас иіп, біздің келешегіміз үшін жандарын қиды.
Біз жеңіс күні десек, ең алдымен тоғызыншы мамыр деген мерекені еске аламыз. Тоғызыншы мамыр - бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың батырлығы. Ал біздің міндетіміз- бұл күнді мәңгілік есте сақтау.
Біздің ардагерлер! Олар кем де кем қалды. Оларға лайықты кәрілікті қамтамасыз ету, оларға көмектесу керек.
Менің туған жерім - Қайнар ауылы. Менің ауылымнан да көптеген ардагер аталарымыз шыққан. Бірақ қазірде олардың көбісі бақилық болды. Бұл ардагер аталарымыздың санының азайып бара жатқанының белгісі. Менің ауылымда Әжітаев Нұрқасым есімді жалғыз ардагеріміз қалды. Мен әр таң атқан сайын қолымды жүрегіме қойып тұрып, ол кісіге өз алғысымды білдіремін. Оның себебі менің осы арайлап атқан таңымның өзі сол кісілердің қажыр-қайратының арқасы, - деп білемін.
Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине «бірлік». Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мейрамы.
Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерең ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Менің ойымша, бүгінде біздің азаматтық міндетіміз - болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достықпен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу .
Бұл соғысты ешкімде ұмытпауы және ештеңе де ұмытылмауы қажет.