Жеңістің 70 жылдығына арналған оқушылардың шығармалары
Қазезова С.
Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі КММ, 5- сынып, Катонқарағай ауданы, Белқарағай ауылы
Аға буын – ғасырдан жеткен даналық
Біздің ғасырымызға дейін жеткен үлкен жеңіс, ұлы жеңіс, көптен күткен жеңіс бұл- Ұлы Отан соғысынан жеңген жеңісіміз! Бұл Ұлы Жеңіске ештеңе теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш әрине «бірлік». Қаншама халық бір тудың астына бірігіп, күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он алты одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.
Жеңіс күні- аға ұрпақтың абыройы мен даңқының мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста жеңіске жеткізді. Біздер үшін жеңістің бағасы жоғары. Жеңіс- бұл Отан үшін өз өмірін құрбан етіп, ұрыс даласынқайтпай қалған боздақтарын жоқтаған аналар мен жесірлердің көз жасы, миллиондаған адамдардың тағдыр қасіреті.
Ұлы Отан соғысының жеңіске қатысқан батырларымыз бұл жеңіске жету үшін, қазақтың байтақ даласының топырағын жауға таптатпас үшін, шайқасты. Иә бұл соғыс кімге азап шектірмеді. Өрімдер жас қыздар мен ұлдар қолдарына қару алып, «елім, жерім» - деп, кеуделерін оққа төсеп, жандарын қиған. Және де соғысқа бармаса да, ұлдары мен ерлерін қан майданға аттандырып, солардың тілеуін тілеп, қара шаңырақты сақтап, қариялар мен белдері қайыса тылда еңбек еткен аналар, бозбалалардың ерлік еңбегі мәңгі өшпейді. Сондықтан, да бұл ұмытылмас нәрсе... Жеңіс күнінің бізде ұмытпаймыз, тарих та ұмытпайды.
Міне, қазір осындай бейбіт күнде өмір сүріп жүргеніміз осы ұлы жеңісімізге жеткізген батырларымыздың арқасы. Әсіресе Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова апаларымыз, Қасым Қайсенов, Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров аталарымыз т.б көптеген батырларымыздың ерен еңбегі, ерлігі ешқашан ұмытылмас. Қазіргі кезде осы жаужүрек жандарымыздың арқасында еліміз егеменді Қазақстан атанып, көк байрағымыз көгілдір, тәуелсіз қазақ аспанында желбіреп тұр.
Азаттықты аңсап кеткен ер бабаларымыздың бүгінгі арманы орындалмай қалған жоқ. Егемендіктің жалауын желбіреткен Тәуелсіз Қазақстан шарықтап алға басуда. Ел үшін, жер үшін, азаттық үшін азаттық үшін басын тіккен бабаларымыздың ісі бүгінгі азат еліміздің, біздің жүрегімізде мәңгі сақталып қала бермек.