Жеңістің 70 жылдығына арналған оқушылардың шығармалары
Жұмагельдинова Н.
Ақтоғай орта мектебі, 9-сынып,
Аягөз ауданы
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы
Қан майданының жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер азайып барасыңдар.
Қастерлейді халқымыз қаһарманын,
Жүр есінде сан жарық, сапарларың Махмұтбай Әміреұлы
«Ұлы Отан соғысы» 1941 жылы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. 1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Халқымыз адам-айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды. Қазақстанда соғыстың алдында республикамыздан 1 миллион 196 мың адам қару асынып, майданға аттанды. Соғыс басталысымен Қазақстан халқы отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастаған. Мысалы, Мәншүк Мәметова: «Отбасымда майданға жіберетін ешкім жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін»,- деп әскери комитетке өтініш берді. Майдандағы қызыл армия қатарына 120 000 жуық қазақстандық аттанды. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Еуропада орналасқан Германияда 1933 жылы ұлтшыл-фашистік тәртіп орнады. Жетекшісі Адольф Гитлер болды. 1939 жылы ұлтшыл-фашистік Германия әлемге иелік ету мақсатында соғыс бастаған болатын. Фашистік Германия КСРО-ны 3-4 айдың ішінде басып алу жоспарын жасады. Ол жоспар «Барбаросса» деп аталды. Қазақстан халқының бестен бірі майданға аттанды. Қазақстан жерінде, яғни тылда негізінен кәрі адамдар, әйелдер және балалар жұмыс істеді. Германия өзін 1914-1918 жылдары аралығында 38 мемлекеттің қатысуымен болған I дүние жүзілік соғыста жеңілген, отарларды бөлісу кезінде өзін құр қалған мемлекет деп есептеді. Сонымен қатар өздерін «таза қанды ариилердің» ұрпағымыз деп дүние жүзіне өз биліктерін жүргізуді армандады. Осы армандарын жүзеге асыруға 1933 жылы Германияда Фашистік партияның сайлауында жеңіске жеткен Адольф Гитлер қол жеткізбек болған. Олар өздерінің соғысын 1939 жылы 1 қыркүйекте Польша жерін басып алудан бастады. Бұл екінші дүние жүзілік соғыстың бастамасы еді. Германия кішігірім әлсіз мемлекеттерді басып ала отырып ең соңында ірі алып мемлекет Кеңес Одағын басып алуды жоспарлады. Бұл соғасқа 61 мемлекет қатысты. Майданда атылған әрбір үшінші оқтың біреуі Қазақстанда шығарылған болатын. 1941-1945 жылдары майданға 5829 тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа да азық-түлік жіберілді. Ұлы Отан соғысының төрт жылы-1418 күні мен түні-халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорусь, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылып, өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жанын қиды...
Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды.
Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл-бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізеді. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдигов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және басқалары.
Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,
Қирады талай арман көңілге алған.
Осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлік пен қаза тапқан ағаларымыз бен апайларымыздың рухына бас иіп, рахметімізді айтамыз. Отан үшін отқа да түсетін патриот қазақтар. Соғыс майданына аттануға сұранды, тіпті кеше ғана мектеп партасында отырған боз балалар мен бойжеткендер де өз Отанын қорғауға дайын еді. Солардың ішінде Талғат Бигельдинов-Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері.
Бауыржан Момышұлы-соғыс жылдарында қатал әскери басшы болып қана қоймай, сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, зерделі де білімгер, байыпты да мейірбан тәрбиеші бола білген батыр.
Мәлік Ғабдуллин-ел басына күн туып, Ұлы Отан соғысы басталғанда аттанған, қаһармандықтың асқан үлгісін көрсеткен, бірнеше медальдармен марапатталған Кеңес Одағының батыры.
Мәншүк Мәметова-ерен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағына не бары 21 жасында ие болған тұңғыш Шығыс қызы.
Әлия Молдағұлова-1943 жылдан бастап арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері. Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 жылы 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.
Ұлы Отан соғысы кезінде құрбандардың саны жоғары болды. Тек бір ғана Кеңес Одағының өзінен 20 миллионнан астам адам қаза тапқан болатын. Кішігірім ауылдар мен селолар қиратылды. 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты.
1941-1645 жылдары Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толды. Бұл адамзат тарихындағы ең ауыр соғыс болғаны белгілі. Аумағы жағынан бұл қырғын дүниежүзілік сипатқа ие болды. Соғысқа қатысқан жауынгерлерді, тылда жанқиярлықпен еңбек еткен еңбекшілерді ардақтау әрбір ұрпақ үшін абыройлы міндет болып табылады. Қазіргі кезде мемлекет тарапынан соғыс ардагерлеріне, олардың, отбасына, тыл еңбеккерлеріне және сол кезде кәмелетке жетпестен жұмыс істеген жас балаларға да көңіл бөліп, қаржылай көмектеседі. Біздің ата-бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты Ұлы Отан соғысы болды. Соғысқа қатысқан аталарымыз-ұрпақтарының, яғни, біздің бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады. Уақыт өткен сайын Жеңістің маңызы артып келеді. Аталарымыздың ерліктері-бүгінгі ұрпаққа өнеге.
Жеңіс күні-бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке-бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды,
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Ұлы Отан соғысы Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр,- деп тебіренген Мұқағали мұңында қимастық, сыйластық, сезімдері мөлдіреп тұр.Ұлы Отан соғысынан аман қалған ақсақалдарымыздың қарасы азайып бара жатыр. Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырығын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағып, жеңістің таңбасын басқан күн - Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол-өмір заны. Біз Ұлы Отан соғысындағы жеңіске ештеңеге тенеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине «бірлік». Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Енді соғыс болмасын
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
Соғыс бітті... Ауыр да азапты жылдар артта қалды. Ұлы Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Біз, жастар ата-бабаларымыздың үлкен қиындықпен алған, бейбітшілікті аңсаған егеменді заманға жеттік. Сол үшін Ұлы Жеңістің туын желбіреткен өр тұлғаларға зор алғыс! Тарихқа өшпестей ерлікпен із қалдырған батырлар есімі үнемі алтын әріптермен жазылып, Отан үшін күресі ешқашан да ұмытылмай, мәңгі жадымызда қалады. «Ер есімі-ел есінде», - демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды.