Жеңістің 70 жылдығына арналған оқушылардың шығармалары
Жұмағалиев Ә.
Топтерек негізгі орта мектебі КММ, Күршім ауданы
Ұлы Отан Соғысына – 70 жыл
Міне, биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толып отыр. Бұл соғыс барлығына ауыр, сын соғысы болды. Одақ ішінен Қазақстаннан 20 мыңдай адам сол соғыста опат болды. Шыдамдылықтың, жанкештіліктің, ерліктің, бірліктің, қатаң тәртіптің арқасында халық фашист басқыншыларын 1941-1945 жылдары арасындағы сұрапыл, қанды шайқаста жеңіп шығып, ұлы жеңіске қол жеткізді.
Соғыста да, тылда да, партизан жасақтарында да еңкейген кәрі мен еңбектеген балаға дейін фашисттермен соғысты. Жауынгерлер соғыста қолына қару алып шайқасса, тылда жұмысқа үлкен де, кіші де араласып соғыстың жылдам аяқталуына шамалары келгенше, күн-түн демей еңбек етіп, партизандар жандарын шүберекке түйіп, фашистердің арасында жүріп те, басқыншылар басып алған жерлерде жүріп те немістердің әлсіреуіне, соғыстың жылдам аяқталуына үлкен үлес қосты. Халықтың арқасында, жауынгерлердің жан аямай соғысуларының арқасында Москва қаласына немістерді жолатпады, Сталинград қаласын жау басқыншыларынан аман алып қалды. Бұл орайда атамыз Бауыржан Момышұлы басшылық еткен 28-ші Панфиловшылар ерлігін ерекше атап өтуге болады. Қазақтың батыр ұрлары мен қыздары: Төлеген Тоқтаров, Рахымжан Қошқарбаев, Талғат Бигельдинов, Әлия, Мәншүк т.б. батырларымыз соғыста ерекше ерлік көрсетті. Жаулар көптеген мемлекеттерді басып алды, бірақ оларды Совет армиясының жауынгерлері азат етті.
Соғысқа біздің «Күршім» ауданынан мыңдаған адамдар аттанды. «Топтерек» ауылының өзінен бірнеше адамдар Ұлы Отан соғысына аттанды. Олар: Шапатов Уытқан, Мейірбаев Қайырхан, Салыбаев Сыдық, Ибраев Айдархан, Қыстаубаев Ерғали, Қизамединов Дайын және т.б. Осылардың қай-қайсысын айтсаң да Отан үшін, елі, жері үшін жанын қиюға дайын тұрған. Қазір бұл адамдар дүние салса, аудан бойынша бірен-cаран қалған.
Менің нағашы атам Төлемісов Әбілқайыр да Ұлы Отан соғысының ардагері болған. Берлинге дейін барып, жауды жеңгеннен кейін де, жапонияға барған. Еліне, туған жеріне жеті жылдан кейін бірақ оралған. Атам 2005 жылы 93-ке қараған шағында дүние салды. Мен атамды көрдім, бірақ соғыс туралы әңгімелерін ести алмадым.
Қазақстаннан соғысқа қатысып елге оралған, оралмай қан майданда қаза тапқан, із-түзсіз кеткен кеткен боздақтардың, тылда жан аямай, аш-жалаңаш жүрсе де бала-шағасын асырап, майданға азық-түлік дайындап жіберіп отырған ата-аналарымыздың арқасында біз қазіргідей тұрмысқа, бейбіт, молшылық өмірге қол жеткізіп отырмыз. Соғыстан кейінгі жылдар да халық үшін өте ауыр жылдар болды. Соғыс кезінде «Бәрі де Отан үшін, бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін» деген ұранмен бүкіл халық жұмылып жұмыс істеді. Осының бәрі қазіргі бейбітшіліктің арқасы. Жақында сұрапыл соғыстың аяқталғанына 70 жыл толғалы отыр. Бұл сұмдықтың бізден шегініп бара жатқаны қуантарлық жағдай. Ардагерлерімізге мың алғыс айтқым келеді!