Жеңістің 70 жылдығына арналған оқушылардың шығармалары
Дүйсекина Ә.
К.Кадыржанов атындағы Қызылқия жалпы білім беретін
орта мектебі КММ, 10 класс, Аягөз ауданы, Тарлаулы ауылы
Қанды қырғын соғыс-мәңгілік жадымызда!
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ер жүректілігімен паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Өйткені, 23 тамызда 1939 жылы шабуыл жасаспау туралы совет одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1942 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Соғыстың сипаты – Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті, өз жерін қорғаған, азаматтық соғыс болды.
1940 жылдың орта кезеңінде – ақ Гитлер командаваниесі СССР–ге басып кірудің «Барбаросса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарының құрғақтығы, әуедегі және соғыс күштері КСРО – ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты қысқа мерзімде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты қысқа мерзім ішінде «қауырт соғыс идеясы» бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде аяқтауы тиіс.
Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық-түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді. Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап «Барбаросса» жоспарында көрсетіледі. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Масковия, Еділ – Орал, Түркістан сияқты рейх коммиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғаныстан, Шыңжаң кіргізілді. Фашистер кеңес адамдарын қырып жою жолына осылай түсті.
Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы: Алматы медицина институтының студенті Мәншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберілген ешкім жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін» -деп әскери комитетке өтініш берді. Республикада 2 млн-нан астам әскери даярлықтан өтті.
Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскери дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы 30 дан астам ұйымнан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі М.В.Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн 196164 қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, ҚазКСР-нен 700 мыңнан астам адам шақыртылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді.
Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап, Берлинге дейін барды. Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді.
Міне, осы майданға біздің Тарлаулы ауылымыздан қатысқан азаматтар бар еді. Олардың соғысқа аттанған саны 281, майданнан аман келгендер129 ға жетті. Қалған 132 боздақ майдан даласында елі үшін, жері үшін, біз үшін жандарын пида етті. Сол батыр атамыздың бірі - Нұрмолда Сәрсенбайұлы. Есполов Нұрмолда Сәрсенбайұлы-1924 жылы 17 қараша айында «Қызыл Отау» колхозында дүниеге келген. 1942 жылы қараша айында әскер қатарына алынған. Москва түбінде 173-ші полк жасағында НКВД құрамында жаттығулар өтіп, ротасында 2-ші атқыштар батальонында 174 полк құрамында қатардағы жауынгер. Москва түбіндегі ұрыс-соғысына қатысқан. 1943 жылы ақпан айында Свердлов қаласына медучилищеде оқып, сәуір айында санитар мамандығын алып, 282-ші атқыштар дивизиясында 175-ші атқыштар полкінде 6-шы ротадағы жауынгер болып, «Курск-Орел» шебінде ұрысқа қатысқан. 15 шілдеде 1943 жылы оң жақ аяғынан ауыр жараланған. Чкалов облысы Чирикова қаласында №1660 Госпиталінде емделіп, 5 айдан соң елге оралған. ІІІ топтағы Ұлы Отан соғысы мүгедегі, соғыс және еңбек ардагерлері.
1945 жылы ақпан айынан «Киров» колхозында ветеринар қызметін, 1950 жылға дейін атқарған.
1951-1957 жылдары Тансық МТС-де механизатор-тракторист жұмысын істеген. 1957 жылы ақпанның 16-сынан МТМ қоймасының меңгерушісі болып, 1962 жылы сәуір айынан мектеп интернатта қоймашы болып істеген.
1966 жылы наурыз айынан бастап Тансық савхозында автогараж есепшісі, №5 ферма бөлімшесінде қоймашы, жанармай бекетінің меңгерушісі, совхоз үй жөніндегі коминданты, тағы да басқа қызмет істеген. 1987 жылы зейнетке шыққан. Ерен еңбектері үшін Ұлы Отан соғысының жеңісіне 20, 30, 40, 50 жыл мерейтой медальдарымен марапатталған. Ұлы Отан І-дәрежелі «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. Ауылымызда Есполов Нұрмолда атамызға көше аты беріліп, ескерткіш тақта орнатылған.
Міне, осындай батыр аталарымыздың найзағайдай жарқылдаған отты ойы бар, қайырымы мол, өз мүддесін ойлаған, қара қылды қақ жаратын, әділдіктен жаралған, ойы тұңғиық, қимылдары қылыш ардагерлеріміздің есімі, ерлігі жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді. «Ер есімі-ел есінде»-демекші бізге жарқын болашақ бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тіршілігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ.