Жеңістің 70 жылдығына арналған оқушылардың шығармалары
Декдарбекова Р.
Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектебі, 7 сынып,
Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы
Бұны ұмытуға болмайды
Жетпіс жыл –бейбіт көктем таң атқалы
Жетпіс жыл-шуақты күн таратты әнін.
Есімде сонан бері жетпіс рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары
Міне, Ұлы Жеңістің жетпіс жылдығын екі мың он төртінші жылдың тоғызыншы мамыр күні аталып өтілмек. Жеңіс....Иә, оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды.
Бірақ сол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана - жарын жоғалтқан жесір, бала-әкесінен айырылған жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді. Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңістің әр сағатын жақындата түсті.
Бейбіт күннің әртаңы мерейлі, шуақты еді. Тек 1941 жылдың 22- маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздың 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттар арқылы 1 млн 900 мыңдай адам сапқа тұрды. Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған.
Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам - Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда.
Жалпы соғыс жылдары Қазақстан территориясында 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, соның ішінде 2 ұлттықатқыштар бригадасы бар, әр қилы әскери түрлерінің 50-ге жуық полктері мен батальондары құрылып, майданға аттанды. Кеңестік шығыс әйелдері арасында бірінші болып «Ленин ордені» және «Алтын жұлдыз» медалімен наградталған қазақ қыздары 100-ші атқыштар бригадасының пулеметшісі Мәншүк Маметова, 54-ші атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова апаларымыз «Шығыстың қос шынары» екені бізге мәлім. Осы апаларымыздың көзсіз ерлігін біз үлгі тұтамыз деп білемін.
Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,
Арым бар, намысым жан тебіреткен.
Мендағы қазақтың бір ұлымын
Жанымды Отан үшін құрбан еткен.
Халқы мен Отаны үшін аямай ерлік етіп еңбек сіңірген, тарихқа мәңгі өшпес сөзін, ізін қалдырған батыр атамыз Бауыржан Момышұлын жүрек тебіренте айтқым келеді және 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар. Бауыржан атамыз соғыс кезінде жеке қаһармандығымен ерекшеленді, ұрыс жүргізудің қас шеберлігімен көзге түседі. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Сондай батырлығымен ерекшеленетін жерлесіміз Қасым Қайсеновтың ерліктері де көзсіз еді. Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтай ерен ерлік иесі алдында да басымды иемін. Соғыс майданындағы әрбір жауынгер ерлік көрсетті. Өйткені, олардың мақсаты мен арман бір еді. Ол Жеңіс.
Соғыс, соғыс, соғыс бұл сөз құлаққа түрпідей естіледі. Бұл сөзден жанын түршігіп кетеді. Соғыс бітті. Ауыр жылдар артта қалды десек те, сол зұлмат кезең қаншама жанның жүрегіне жазылмас жара, ұмытылмас қайғы салды. Сол соғыс үмітсіз жесірлік пен балалырдың жетімдігін әкелді. Фашистердің істеген қылмыстарын Кеңес адамдары ешқашан ұмытпайды. Соқыстан кейін фашизм құрбандарына ескерткіштер орнатылды. Біз неміс басқыншыларының баса көктеп кіріп, жасаған қылықтарын ешқашан ұмытпаймыз. Ұмытпайтын себебіміз-біздің халқымыздың көрген қайғы-қасіретін адамзат баласының ұрпақтары енді ешқашан көрмесе екен деп тілеймін.
Асыл азаматтар қасық қаны қалғанша өз Отанын қорғады. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы бірнеше елдің аумағын қамтыған өте ауыр сынақ болды. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранға Көкпекті ауданы да өз үлестерін қосты. Жауынгерлерге арнап жылы киімдер тігіп, ақшалай, заттай қор жинады.
Көкпекті ауданынан майданға 12 мың 712 жауынгер аттанды, оның 6 мыңнан астамы көкпектілік жерлестеріміз.
Ұлы Отан соғысы кезінде майданда қайтыс болғандар және хабар – ошарсыз кеткендер саны 7 131 адам.
Біздің Көкпекті ауданынан шыққан Ұлы Отан соғысының тоғыз батырының есімдері мәңгі халық жадында. Кеңес Одағының батырлары, жерлестеріміз – Аухадиев Қойгелді, Авдеев Николай Дмитриевич, Константинов Лаврентий Сергеевич, Шарабанин Николай Александрович, Яроцкий Иван Михайлович, Саполев Иван Григорьевич, Полынин Федор Петрович, Фонов Николай Яковлевич, Седнев Сергей Егорович сынды батырларымыз ел тарихында өшпестей із қалдырды.
Қойгелді Аухадиевтің есімі ерекше дегім келеді. Ол кісінің ерлігін мен мақтан тұтамын.
Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата-әкелерімізсоғыстың алғашқы сәтінде–ақ майданға аттанады. Жауға атылған 10 оқтың 9-ы Қазақстанда жасалды.
Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толмақ. Сол Ұлы Жеңіс күнін бүкіл ел болып аталып өткізілмек.
Дәл сонау жадыраңқы жәй күні
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,
Есіме алам сол бір апат қайғыны.
Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымды иіп тағзым етемін. Айтқым келетіні Отанымызды сүйіп, қастерлей білейік. Қайғы-қасірет ешқашан болмай, елімізде бейбітшілік пен бірлік болсын дегім келеді. Әр сәбидің күлкісі сыңғырлап шығып, ұйқысы тыныш болса деймін.
Қайғыны білмесін тағы да,
Қазіргі адамда арман-сол.
Әлемнің бар сәби балалары,
Оянсын ұйқысы қанған соң.
Ұлы Жеңістің бастауларынан біздер болашақта соғыстың болмауына рухани тілек пен күш табамыз. Отанға деген, халыққа деген берілгендік дәстүрін аға ұрпақтан үйреніп, молайта беретін боламыз. Жеңімпаздар берген тыныштық пен ұлтаралық келісімді ең құнды дүние ретінде айта беретін боламыз. Дәл солар Жеңістің түп қазығы болған еді. Жеңіс күні әрбір қазақстандықтың жүрегінде. Ешкім де, ештеңе де ұмыт болмауға тиісті. Бұл біздің тарихымыз, мақтанышымыз. Отан үшін өмірін қиған әрбір азаматтың, қазіргі уақытта арамызда жүрген ардагерлердің Даңқы арта берсін.
Ержүрек аталарымыз бен апаларымыз аманат еткен тәуелсіздікті, бостандықты біз бүгінде көзіміздің қарашығындай сақтап, одан ары нығайта түсуіміз керек. Ұлы Отан Соғысы Кеңес Одағы тұсындағы талай ақын-жыршылар шығармашылығына арқау болды. Мұның ішінде ел мен жерде жүріп, жеңіске тілектес болған қаламгерлер да, аласапыран майданда қан кешіп жүріп Отанын, халқын жырлаған ақындар да болды. Тек теңіздің тамшысындай ғана етіп, шығармамның соңында солардың бір парасын ұсынамын.
Жатқанда отан жері отқа жанып,
Тұрғанда туысқандар жауда қалып,
Жеңбесек, жойқын қайрат шығармасақ,
Жігіттің неге жүрміз атыналып?
Жеңеміз! Жеңіс - совет адамы аты.
Біздерміз азат етер адамзаты.
Сенемін Партияма, ер халқыма,
Қандай күш бұл дүниеден одан артты?! (Жұбан Молдағалиев)