Жеңістің 70 жылдығына арналған оқушылардың шығармалары
Ғазизова С.
Жұбандық Болғанбаев атындағы Самар орта мектебі,
8 сынып, Көкпекті ауданы, Самар ауылы
Ерлік ұмытылмайды
«Біз жеңдік, женілді жау,
Желбіре, Жеңіс туы!
Өлмейді, өшпейді ерлік-
Жасасын, Жеңіс күні!»
Қымбат Әбілдәқызы
Санаулы айлардан кейін Ұлы Жеңіске 70 жыл толады. Адамзат тарихына үлкен қасірет әкелген Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Алайда ел үшін, Отан үшін жасалған ерлік ешқашан да ұмытылмайды.
«Елдігімді қорғаған кеудесімен, Қанның дағы кетпеген жейдесінен. Жас топырақ жастанған бауырлардың Ерліктері шықпайды ел есінен»
дегендей менің сүйікті Самар ауылымда Яроцкий, Шарабарин, Фонов, Бақраев атындағы көшелер бар. Мен бастауыш сыныпта оқыған кезде, осы көшелермен жүріп келе жатып, бұл көшелер неге солай аталған?- деп ойлайтынмын, уақыт өте келе бізге сынып жетекшілер, кітапханашылар бұл көшелерге берілген атаулар тегін емес, ол адамдардың Ұлы Отан соғысына қатысып, батыр атанып, өз елін, жерін шын сүйген патриот болғандығын әңгімелеп берді, ауылдық мұражайға саяхатқа апарып, олар туралы жазылған газет–журнал материалдарымен таныстырды. Жылдар өткен сайын сарғайып, ескіріп кеткен газеттерде бізге беймәлім қаншама адамдардың тағдыры мен ерлігі жазылған екен.
Менің Көкпекті ауданымнан шыққан 9 адамға Кеңес Одағының батыры деген атақ беріліпті. Подгорное ауылында дүниеге келген Сергей Игорович Седнев 1941 жылы соғысқа алынып, Воронеж, Украина майдандарына қатысыпты. Ефрейтор Седнев 1943 жылы Днепрден өту кезінде ерекше көзге түсіп, 30 тонналық паромды, катермен су беруді қамтамасыз еткен, 300 рет рейс жасап, соғыс техникасы мен жеке құрамды өткізуге күш салған, 1944 жылы КСРО жоғары Кеңесінің Президумының жарлығымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Ал Аухадиев Өрнек ауылында дүниеге келген, майданға 1942 жылы шілде айында алынып, 13 армияның 6-шы гвардиялық Қызылтулы атқыштар двизиясының құрамында шайқасқа қатысып, Днепрден өткенде ерекше көзге түсіп, фашистің 3 танкісінің оқ-дәрі тиелген үш автомашинасын, «Фердинанд» қаруы мен бес станокты пулеметтің көзін құртқан. Қазақтың қайтпас қас батыры 1943 жылы 29 қыркүйектегі шайқаста ерлікпен қаза тапқан. Менің ауылымнан қырық шақырымдай жерде Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық әкімшілік бар, ер өлсе де, есімі ел есінде қалды. Гвардия кіші сержанты Аухадиевке қаза тапқаннан кейін КСРО Жоғары Кеңес Президумының жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілген, бүгінде батырға арналған Үлкен Бөкен ауылында ескерткіш бар. Теректі ауылыдағы орта мектепке осы батырдың есімі берілген, бұл мектептен де қаншама түлектер ұшып, өздері оқыған батыр атыңдағы мектептің мерейін үстем етіп жүр. Преображенка ауылындағы мектепте экспонатқа өтебай мектеп мұражайы бар, сол жерден батыр жайлы көптеген деректерді кездестіруге болады. Біздің өңірден шыққан Иван Григорьевич Сапалев Московка ауылында дүниеге келген. Қан майданға өз еркімен 1942 жылы аттанып, 322-і атқыштар дивизиясының сапері, бөлімше командирі қызметін атқарған. Мәскеу, Воронеж, Курск, Новгород, Киев, Варшава түбінде соғысқан. Берлинді алуға қатысып, Днепр, Днестр өзендерінен өткен. Жауынгершілік жолын Прагада аяқтаған жерлес батырымыз соғыс аяқталғаннан кейін туған еліне қайтып оралған. Үкімет ер ерлігін елеусіз қалдырмай 1943 жылы 16 қазанда КСРО Жоғары Кеңесінің жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Сапалев Ленин, Қызыл Жұлдыз, 3-ші дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған. Соғыстан соң Семей облысы Көкпекті ауданында тұрған. Лаврентий Сергеевич Константинов негізінен Новосібір облысының Куйбышев ауданындағы Балман ауданында дүниеге келген. Лаврентий Сергеевич мотоатқыштар бригадасының барлау ротасында автоматшылар взводының командирі болған. 1943 жылы қазан айында гвардия аға сержанты Константиновтың басқаруымен барлаушылар гитлершілердің үлкен тобының көзін жойған. Осындай батыл ерлігі үшін 1944 жылы 10 қаңтардағы КСРО жоғарғы Кеңесі Президумының жарлығымен Константиновқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілген, кейіннен Ленин, Қызыл Жұлдыз, III-ші дәрежелі Даңқ ордендерімен де марапаттаған. Бүгінгі таңда Шегелек деген ауылда Батырға арнап жасалған обелиск бар.
Подгорное ауылынан шыққан екінші батыр Иван Михайлович Яроцкий. Теңіз жаяу әскері 390 батальонының аға лейтенанты Яроцкий соғыс аяқталған соң да Солтүстік Кореяны жапон империясынан азат ету кезінде ерекше көзге түскен. Жауынгерлер бірнеше күн бойы жапон самурайларының шабуылына тойтарыс берген. Яроцкийдің еңбегі мен батырлығы ескеріліп, 1945 жылдың 14-кыркүйегінде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді..
Ауылымнан шыққан батыр Николай Яковлевия Фонов Мәскеу түбіндегі шайқасқа, Брянск, Закавказье, Воронеж, Украин майдандарына қатысып, Днепрден өтіп, 12 фашистің 12 танкісінің көзін құртқан. Ал Федор Петрович Полынин болса, орынбордағы ұшқыштар мектебін бітіріп, өз еркімен соғысқа аттанған. Брянск майданында әскери әуе күштерін басқарған алғыр жігіт, 1943 жылы әуе флотының командирі болған, 189 рет жауынгерлік ұшуларды жүзеге асырған, ержүрек жігіттің ерлігі бағаланып Қызыл Ту орденімен марапатталған. 1938 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Осы батырлардың бойындағы Отансүйгіштік рух оларды ерлік жасауға, жаудан тайсалмай өз елі мен жерін қорғап қорғап қалуға күш берген секілді. Олардың ерліктерімен таныса отырып, менің бойымды да ерекше мақтаныш сезімі биледі. Адамзат тарихындағы ең қаңқұйлы екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 70 жыл толғалы тұрса да, оның ауыр қасіреті мен жарасы әлі де жазыла қойған жоқ. Менің елімнен бұл соғысқа жанын шүберекке түйіп 1 миллион 280 мың боздақ аттанып, 600 мың астамы елге қайтып оралмаған. Отан қорғаған асыл ерлердің қашан қаза болып, сүйектерінің қай жерге жерленгендері де белгісіз. Күннен күнге қатары сиреп бара жатқан соғыс ардагерін көрген сәтте, тарихта бізден алыстап бара жатқандай сезімде боласың. Біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ ол туралы түсірілген фильмдер өте көп, оларды көріп отырыпнеміс басқыншыларының совет әскеріне жасаған жауыздығын көргенде денем тітіркеніп шошып кетемін, бойымды үрей билейді. Адам баласының осындай жауыздыққа, озбырлыққа барғанына сенгің келмейді, бірақ өткен тарихты өшіре алмайсың. Деректерге сүйенсек, Украина жерінде болған ұрыстарға қазақстандық жауынгерлер қатысып, оның 156-на Кеңес Одағының Батыры атағы берілген екен, бұл біз үшін үлкен мақтаныш, биік мәртебе деп ойлаймын.
О, Халқым! Құтты болсың Жеңіс күнің! Отаным, көк жайлауым кеңістігім, Елімнің көк аспаны тұнық болсын! Тілеймін тыныштығын жер үстінің! дегендей, мен өз елімнің тыныш та, бейбіт өмір сүруін қалаймын. Елімнің өркендеп 30 елдің қатарына қосылуына күш саламын. Ортамызда жүрген қадірлі қарияларға, тыл ардагерлеріне денсаулық тілеймін. Жеңіс күнін жақындатып, жалынды жастық шағын соғысқа сарп еткен ерлер еңбегі еш уақытта ұмытылмайды. Бүгін де ел арасын да сыйлы Қожаев Құсман, Икласов Мүталап сияқты соғыс ардагерлері немерелері мен шөберелерінің қызығын көріп отыр, соғыс салған жараларын ұмытқысы келеді.
Біздің бойымызға шыдамдылық пен адамгершіліктің дәнін сеуіп, өз Отанымыз бен отбасымызды сүюге үлгі болған бабалар ерлігіне бас иемін. Балалық шақтың бал қызығынан құр қалып, соғыс жылдарына, еңбекке ерте араласып, біздің болашағымыз жақсы болуына үлес қосқан аталар мен әжелерді үлгі тұтамын. Соғыстың жоқшылығы мен қиындығына мойымай төзе білген ерен еңбектің ерлігін көрсеткен соғыс және тыл ардагерлері қандай құрметкеде лайық деп есептеймін. Ауыл ортасындағы соғыс батырларына арналған ескерткішті біз жыл сайын тазалап, айналасына көшеттер отырғызамыз. 9- мамыр күні мерекелік парадқа қатысамыз. Отанды қорғап, оның гүлденуіне ерен үлес қосқан соғыс ардагерлері мен тыл ардагерлерін құрметтеп мақтан тұту кейінгі ұрпақтын міндеті.
Біз, кейінгі ұрпақ Әлия, Мәншүк, Бауыржан Момышұлын құрметтеп, мақтап, өзімізге үлгі етеміз. Бауыржан жайлы Мәлік Ғабдулин «Ақыл мен ойдың иесі, барлық қасиеті бойына жиналған, адамгершілігі, ерлігі, жігітшілігі күшті, шын мағынасындағы қолбасшы, командир», - деген екен. Осындай қолбасшы командир мен батыр қыздардың арқасында біз жеңіске жетіп, бейбіт өмір сүріп отырмыз деген ойдамын. Ал Шарабарин Николай Александрович болса, соғысқа дейін Құлынжын кен орында жұмыс істеп, 1942 жылы соғысқа атанған. Шарабарин неміс басқыншыларымен болған ұрыста әскери тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап, ерлік көрсеткені үшін Кеңес Одағының Батыры атағын және Ленин ордені мен «Алтын жұлдыз» медалімен марапатталды. Өткен ғасырдың 80-90 жылдарында Самар ауданы Палатцы ауылында тұрды, қартайған шағына дейін кен орында жұмыс істеп, қайтыс болған соң Палатцы ауылына жерленеді.
1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусияны, Балтық маңы мен Молдованы азат етуге, Берлин шабуылына қатысты.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қияр соғыс жүріп жатты.Батырларымыз Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді.
Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адам Даңқ орденінің толық жинағының иегері атанды.
Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіреді. Жеңіс күні - сол кездегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн деп ойлаймын.