Ер есімі ел есінде...

Жеңістің 70 жылдығына арналған оқушылардың шығармалары

Бакенбаева Ә.Б.
С.Ғаббасов атындағы мектебі, 9 сынып, Аягөз ауданы, Мамырсу ауылы

Ұлы Отан Соғысы-бабалар ерлігінің Жеңісі

Күркіреп күндей, өтті ғой соғыс
Қ.Аманжолов

Өткен күнде белгі жоқ десек те, сонау сұрапыл соғыстың зардабы естен әлі кеткен жоқ. 1418 күн мен түнге созылған бұл соғыста 20 миллион адамдарымыздан айырылдық. Жауыз жау көптеген қалаларымыз бен ауылдарымызды қиратты, өртеді. Қаншама адамдарымызды айуандықпен өлтірді, асты, атты. Бірақ олар бізді мұқалта алмады. Жыл артынан жыл өтіп, көкті тіліп,  қара жердің төсін жыртқан зеңбірек даусының баылғанына міне 70 жыл болды. Тарихи дерекке қарасақ, осыдан 70 жыл бұрын күллі әлем тағатсыздана күткен жеңіс жалауы Рейхстақта желбіреді.
1945 жылы  8 майда сағат 14:25 те Берлин іргесіндегі Карлхорсте фашистік Германияның қарулы күштері өз жерінде тізе бүккенін білеміз. Сөйтіп, барша адамзат айтусыз зардаптар шегіп, қисапсыз құрбандықтарға төзіп, жеңіс тұғырына жетті, жүрегі жарылардай шатыққа бөленді. Бүгінде қалалар көркейіп, бақтар гүл жарса, балалар қуанып қайғыны білмесе, ол ардагерлеріміздің ерліктегі, еңбектегі жеміс пен жеңістеріңіздің арқасы. Ақ қар, көк мұз жастанып, зұлым жаумен шайқасқан ерлер есімі мәңгі өшпейді.      Өйткені:
Жеңіс деген – жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы
Олай болса Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесінің маңызы тереңде жатқаны да белгілі.
Адамның сәні - өнер, білім, ақылы,
Жердің сәні – жеміс өнім дақылы
Сөздің сәні - өнегелі, өткір нақылы,
Пікірдің сәні – ең пайдалы мақұлы, -
дегендей жеңісті күндерде жан-жақты сәніміз келісе беруі бізді қатты қуандырады. Жауыз Гитлер өз жоспарында: Қыс түскенше Москваны жер бетінен жойып жіберу керек деген болатын. Олар 51 дивизиясын жіберді. Осы кезде Дубасекова разъезінде 28 панфиловшы батырлар бетпе-бет жаумен жекпе-жеке шықты. 4 сағаттың ішінде 1 танкіні қиратып, өртеп, көптеген адамдарды өлтірді, жойды. Жаралы қолбасшы Клачков: «Россия кең-байтақ, бірақ шегінуге жол жоқ, артымызда Москва» деді. Ақыры олар жеңіске жетті. Бұл ерлікті ақындарымыз зор қуанышпен жырға қосты. Мен өз елімнің патриоты ретінде жүрегімді шаттық кернеп бұл өлеңді әркез жатқа оқысам, енді шығармама арқау еткім келіп отыр.
Тастар көкке атылды
Орман шулап, тас құлап,
28 батырды,
Жеңе алмады жау бірақ
Жамылды жер тұманды,
Өрт ішінде қалды бақ
28 қыранды,
Жеңе алмады жау бірақ
Оқ астында зулаған
Туған жермен бір болып,
Жау алдында тұрды олар,
28 мың болып
Жау жеңілді ақырыатты бейбіт таң күліп,
28 батырын
Ұмытпайды ел мәңгілік
Осындай сұрапыл соғыста қан кешіп, ортамызға оралған ардагерлеріміз қаншама еді. Бүгінде біз оларды сағына еске аламыз. Тағы да өткенге үңілсек, 1941 жылдың қыркүйегінен 1943 жылдың 18 қаңтарына дейін Ленинград қаласы 16 ай яғни 900 күн жау қоршауында қалды. Бұл тарихтағы ең елеулі жай болатын. Адамдар күніне небәрі 150-200 гр нанды ғана қорек етті. Халық қатты күйзеліске ұшырады. Сыртпен қатынас әуе және су арқылы ғана болды. Осындай қилы тағдырды басынан кешкен қаланы қорғауға қатысқандардың ішінде қазақтың ұлы Сұлтан Баймағамбетов та бар еді. Ол ақырғы демі қалғанша ерлікпен соғысты. Ең шешуші сәтте жаудың оқ борап тұрған пулеметін кеудесімен жапты. Өзі құрбан болғанымен көптеген жолдастарының өмірін сақтап қалды. Ақыры жеңіске қол жеткізуге ықпал етті. Сұлтанның денесі Ленинград орманының ішінде қалды. Қазақтың 18 жасар батыр қызы Мәншүк те осы Ленинград жерінде ерлікпен көз жұмды.
Мұның бәрі иісі қазақ біз үшін бір жағынан мақтаныш болса, екінші жағынан олардың мүриті жат жерде қалуы бала  жүрегімді қатты сыздатады. Қаршадай нәзік жанды қыздарымыздың тағдыры тарих талқысына түскені қандай аянышты. Шіркін, соны қазіргі кейбір қыздарымыз тәубәшылығына алса ғой деп те ойлаймын. Алайда олар айта алмаған жүрек сырын ақындар жырға қосты. Жүрек қылын тербеу үшін бұл өлеңді де толық алғанды жөн көрдім.
Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік,
Жерге бақыт, елге бақыт тіледік
Отан ана - отқа күйіп жатқанда
Біздер ме едік үйде отырар тірі өлік

Отан ана - жылағанда шерленіп,
Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт
Қара бұлтты қақ жарамыз дедік те,
Қолымызға қару алдық ерленіп

Отан деген -  сөз көкейде жатталып,
Зор айқасқа кеттік біздер аттанып
Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым,
Біз сендердей арман гүлін тақпадық

Жетсек деген арманымыз көп еді,
Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі
Бізді туған күнімізбен құттықтап,
Ешкім бізге гүл ұсынған жоқ еді.

Біз көрмедік бал бақыттың ақ таңын,
Естімедік махаббаттың тәтті әнін
Бізге жылы хат жазатын жігіттер,
Қаныменен қарға жазды хаттарын

Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз
Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз
Жанымызды құрбан еттік осылай,
Біздей ерте солмау үшін барлық қыз.
Ұлы Отан соғысы – екінші дүниежүзілік соғыс еді. Өйткені, бұған әлем халықтарының 80% қатысты, 65 мемлекеттер тартылды. 40 елді соғыс өрті шалды. 110 млн адам қолына қару алды. Біздің Қазақстаннан 1 млн 366 мың адам аттанды. Оның 500 – ге жуығы Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Соғыс, соғыс. Сол сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады. Қаншама үйде оттар сөніп қалды. Қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдары мен азаматтарын күтумен өмірден өтті. Қаншама арулар жесір, сәбилер жетім қалды.
Менің туған өлкемнен де Ұлы Отан соғысына қаншама адам аттанып, соның жүзге тарта ардагері елге оралыпты. Оны ескерткіш тақтадан да оқып тәу етеміз. Қазір жалғыз Мақажанов Шомақан ата ғана жүр. Ол кісі қандай мінез көрсетсе де кешірімді деп ойлаймын. Себебі, етігімен қан кешкен, соғыс зардабын шеккен адам ғой. Сондықтан біз ата алдында бас иеміз. Сондай – ақ тылда еңбек еткен аналарымыз да бізге мақтан. Қазір көзі тірі Закирова Сәтен, Атантаева Жұмабике, Сұлтанова Мінуар апаларымызбен жиі кездесіп, үлкен ой түйеміз.
Біздің Ұлы жеңісіміз – достықты шыңдаған, бірлікті жырлаған, ер намысы боп атылған, ел дауысы боп шақырған жеңіс! Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел ұландары Отанымыздың байтақ жерін, айдын көлін қорғады. Ақ самал ескен даласын, ақ сүтін берген анасын, пәк  күлкі шашқан баласын, парасатты данасын қорғады. Десек те, жеңіс оңайлықпен келмеді. Мен барлық ойымның түйінін де, шығармамның аяғын да мына өлеңмен тұжырымдасам деймін.
Жеңістің құны – кесілген білек,
Жеңістің құны – тесілген жүрек,
Жеңістің құны – тулаған аспан,
Жеңістің құны – төгілген жас қан
Бола ма соғыс
Болмасын деңіз
Болса да соғыс,
Біздікі жеңіс
Бірақ та соғыс,
Болмасын деңіз!