Ер есімі ел есінде...

Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің естеліктері

Кенбай Нәсір Ахметвалін ұлы

Хорошавин Иван ГригорьевичМен Нәсір Ахметвалін ұлы Кенбай тегі 1921 жылы Семей губерниясы Павлодар үйезі, Айсары елді мекенінде, казіргі Ақсу ауданында кедей жанұясында дүниеге келіппін.
Әкем 1933 жылы, шешем 1958 жылы дүниеден қайтқан мен жеті жасымнан балалар үйінде болып. 1935 жылы анам Павлодардың балалар үйінен тауып алып, өздері тұратын Семей облысы Жарма ауданының орталығы Георгиевка селосына алып келді.
Абай атындағы қазақ орта мектебіне оқуға берді, осы мектептің 9-класын тәмәмдап, 10-класқа көшкенде 15-май 1939 жылы 10-класс бітірген деп, Совет Армиясы қатарына алындым, Архангельский қаласында 88-Атқыштар дивизиясының 665 атқыштар полкінде әскери міндетімді атқарып жүргенде. Ұлы Отан соғысы басталды. Біздің дивизияны поезға тиеп, ст.Остров Можаветскийге әкелді. Осы жерден ең бірінші рет жаумен шайқасып, өлгендерді, жараланғанды көрдім.
Соғыстың не екенін ұқтым. Одан кейін шынығып, жау деген не, оны қалай жою керек, соғыс тактикасын /әдісін/ игеру үшін Беломор қаласындағы офицерлер дайындайтын курста оқып, взвод командирі рота командирі адьютант батальоны болып соғысты аға лейтенант шенінде аяқтадым. Солдаттарды басқарып, жан аямай Отан үшін, елім үшін, соғыста шейіт болған достарым үшін, мүгедек болып қалған жауыңгерлерім үшін еңбек еттім. Қанды шайқаста бірнеше ордендер мен медальдармен марапатталдым. Майданда мен басқарған взвод, рота, батальон әрдәйім женісқе жеткендігіміз үшін бірнеше рет жоғарғы қол басшымыз И.В.Сталиннің Қүрмет грамоталарымен марапатталдық. 1942, 1943, 1944, 1945 жылдары Совет армиясы қатарында: Каролофин республика жалықтарың, Прибалтика елдері: Латвия, Литва, Эстония халықтарың, Украина, Белоруссия халықтарың, Польша халықтарың, Дания халықтарың және немістердің қарамағында болған порттар: Гдина Данциг, Колберг, Кенигсберг, Барихолым аралы, Ронне қаласын босатып Берлинге де жеттік. 88-атқыштар дивизиясы тарихқа 23-гвардия дивизиясы болып мәнгілік жалауына жаздырып кейінгі үрпаққа қалдырды. Менде осы жылдары бір неше ордендер мен және 14 астам медальдар мен грамоталармен марапатталдым.
Халқыма, Отаныма, шексіз рахметімді айтамын. Әсіресе, Белорус халқына оның Президенті А.Лукашенкоға. Менің соғыстағы еңбегімді бағалап, Белорус жерін неміс басқыншыларынан азат еткені үшін, 1944 ж. 60-жылдық медальмен мені марапаттап жеке хат жолдап рахметін білдіргеніне, мен мың бір рахметімді білдіремін. Бұл медаль, хат менің немере шөбелеріме үлкен тарихи сабақ.
Тылдағы халқыма, Отаныма ризашылығымды білдіремін! Бізге, халыққа, мемлекетімізге түскен ауыртпалықта қол үшін беріп көмектескендеріне, тіпті майдандағы солдаттарға жеке посылка салып жібергендерге! Оны біз командирлер ең жақсы ерлік көрсеткен солдаттарға беріп қуантатынбыз. Ол тіпті орденнен де қымбат болушы еді. Посылкенің ішінен әп-әйбәт мөлдіреген жас қыздың фотосуреті шықса, қолдан қолға өтіп мәз-мәйрам болып қалатынбыз!
Халқымыздың бұл сайлығы бізді патриотизмге, жеңіске қол бүлғап шақырып түрғандай болушы еді!
1945-1966 жж. Дания халықтарын неміс басқыншыларынан азат ету күресіне қатыстым. Дания мемлекетіне қарасты Балтық теңізіндегі Баринхолм аралында 18 мың неміс армиясы болды, бұлар Берлиндегі неміс командованиясының 03.05.1945 ж. Ұлы Отан соғысы тоқтағанын, неміс үкіметі тізе бүккенін мойындап, қол қойып, халыққа жариялады. Ал бұлар Баринхолм аралындағылар қарсы шықты.
«Неміс мемлекеті жеңілген жоқ. Біз Германиядағы шартты мойындамаймыз, қолдамаймыз. Нағыс неміс патриоттары біздерміз» – деп үлкен күшті радиостанция арқылы Дүние жүзіне әйгіледі. Жоғарғы бас қолбасшы И.В.Сталиннің бүйрығы бойынша біздің командования өнқей кадрлық соғыста шындалған жастардан штурм құрып, Данияның Балтық теңізінің ортасындағы Баринхолм аралын немістерден тазартуды қолға алды. Ронне портына біздерді кемемен түсірді. Бұйрықта Дания халқына қол үшін беріп, жедел түрде орындауды, немістерді толығымен пленге алып, Колберг, Данциг, Гдина, Кенигсберг порттарына кемемен жіберуді талап етті. Осы немістермен шайқаста алдыңғы шефте ерлік үлгі көрсеткенім үшін маған 18 март 1946 ж. кезектен тыс 3 айға демалыс берді. Елге Қазақстанға барұга жаныма ординар сымды қосып беріп, құралымыз пистолет, автоматпен баруға рүқсат етті. Елге Жарма ауданы Делбегетей станциясына келіп, Анамды, бауырларымды көріп мәз-мәйрам болып, май аяғында 1946 жылы демалыстан өз бөлімшеге оралып қызметімізге кірістік. 1946 жылы Солтүстік әскери группа №01456. 8 октябрь 1946 жылғы бұйрығы бойынша әскерден босатылып елге қайттым.

КГУ «Центр документации новейшей истории», Фонд №1586, оп.3, д.10.