Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің естеліктері
Құлшаков Ахметсабыр
Соғыс ардагері Ахметсабыр Құлшанов 1922 жылдың мамыр айында туған 1938 жылы Қызылқия мектебінен 8- кластық білім алды. 1938-1940 жылдары «Еңбекші» ұжымшарында еңбек жолын бастады.
1941 жылдың желтоқсан айында әскерге шақырылды. 1942 жылдың қыркүйек айына дейін Манжур шекарасында орналасқан 106-шы Байкал шекарашылар полкінде әскери қызметте болды 1943 жылдың тамыз айында Курск-Орск иініндегі соғысқа қатысып, ауыр жарақат алады. Содан Красноярск госпиталінде емделіп шыққан соң қазан айында қайта соғысқа аттанды. 1944 жылдың қаңтар айында Киев қаласын босатуға қатысады. Ал ақпан айындағы Житомир қаласы үшін болған ұрыста ауыр жараланған Ахметсабыр Бакуда емделіп, 2 топтағы мүгедек болы, 1944 жылдың мамыр айында елге қайтты. Майдангер 1943 жылдың 26 шілдесі күні Курск-Орск соғысында көрсеткен ерлік істері үшін 3 дәрежелі «Даңқ» ордені эжәне 1 дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталады.
Елге келген соң 1944 жылдың мамыр айынан 1945 жылдың тамыз айына дейін Ақтоғай ауылындағы оқу үйінің меңгерушісі , ал 1945 жылдан 1948 жылға дейін Ақтоғай ауыл кеңесінде хатшы болып еңбек етті. Сондай-ақ , 1948-1951 жылдар аралығында Таңсық МТС-ында хатшы болады. 1951 жылдан 1963 жылдың тамызына дейін теміржолда стрелочник , сатушы болып жұмыс істеді. 1963 жылы Таңсық ауылына көшіп келіп жиырма жыл бойы осынд қатардағы жұмысшы болып еңбек етті. 1983 жылы зейнеткерлікке шықты.
Госархивы ВКО