Ер есімі ел есінде...

Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің естеліктері

Кітапбаев Бошай

Кітапбаев БошайАйналанын Майемерім –ай күндіз түні тынымсыз ағып жатқан сенің қайыңды бұлағыңа о заманда, бұ заман талайлар ат шалдырып, шөлдерін қандырып, ыстықтаса шомылып, қыстың күні мұзын ойып мал суарған шығар. Таңертең ертемен қора тазалап, күндіз біраз оларды далаға шығарып, суатқа суарып жайламаған қазақта жоқ қой. Атасы батыр болмаған қазақ болмағанмен қазір есептеп отырсам, міне батыр деп бармағыңды шошайта көрсететін адам жоқтың қасы. Аллада, шынында батыр болады деген адамына несібесіне қарай сараң, қатал сұрыптайтын сияқты. Батырды бірінші алла одан соң халық таңдайды ғой негізінде.

Аты аңызға айналған өр Алтайдың Ақ иығы, бұрынғы 250 млн халқы болған, Советтер Одағының еңбек ерін өткен ғасырдың жетпісінші жылдары отанына еңбегі сінген ерен еңбегі үшін алған Бошай Кітапбаев ағамыздан қанша рет сұрақ қойып интервью алайын десемде жүрегім дауламады.

Жолы болар жігіттің жеңгесі алдынан шығады демекші, 2010 жаңа жылдың қарсаңында ағамыздың өзі телефон соғып, әдеттегісіндей атымды атап, «Аман – есен жүрсіңбе айналайын?» - деді, мен қапелімде не айтарымды білмей, «Аға сізден соғыстың біткеніне 65 жыл болуына байланысты интервью алайын» - деп едім дедім.

«Жаңа жылдан кейін келе ғой» деді....
Жөн сұрасқаннан кейін, Бошай ағамыздың алдында отырып сұрыптап дайындаған сұрақтарымды жайып салдым. Жаңа ғана Найман елінің үшінші томдығын басып шығарған ағамыз, тағыда бір үлкен жұмыстарды қолға алып отырған сияқты көрінді, өйткені менің сұрақтарыма көңіл де аспай; бұрынғы Совет Одағының басшысы Хрущевтен бастап Қонаев Пономоренко, Изащиктермен қалай жұмыс істегендері туралы, әр қайсысына өзінің іскерлігіне адамшылық қасиеттеріне байланысты, мінездеме беріп өтті.

Аға өзіңіз жайлы айтыңызшы десем:
Алтайдағы алтын ұя Шыңғыстай орта мектебін шала оқып үздік бітірдім.
18-ге толмай 1941 жылғы соғысқа шақырылып 141 артелериялық атқыштар дивизиясының алдыңғы барлаушылар шебінде болдым – дейді үлкен ағамыз.
Осы әңгіменің басында өздеріңіз көргендей 1943 жылдың 10 желтоқсанында Витебскінің маңындағы Ржев және Великие Луки деген жеріндегі қатты ұрыста Бошай Кітапбаев оң аяғынан жараланып, алты ай госпиталда жатып, 1944 жылы елге оралады. Елге оралып еңбек етіп, туған халқының ауыр тұрмысын жақсартамын, колхоздың экономикасын нығайтамын, келмей қалған ауылдастарым үшін күндіз түні жұмыс істеймін деген ынтасын, атақты ақын Ғафу Қайырбековтің өлеңі арқылы бергім келеді.

Госархивы ВКО