Ер есімі ел есінде...

Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің естеліктері

Әбділбаев Тұрысбек

Есимханов Габбас Есимханович1921 жылы 12 қаңтарда Семей облысы, Ақсуат ауданы, Қызылкесік ауыл әкімшілігіне қарасты Қызылтастың күншығысындағы «Зергер» бұлағы жағасында дүниеге келген.
1934 жылы Қызылкесікте 4-сынып бітіріп, 1934-1935 оқу жылында Үржар педагогикалық училищесін, 1939 жылы Аягөз педагогикалық техникумын бітіріп, 1939-1941 жылдары Қызылкесікте, Үшаралда (қазіргі Аягөз ауданы) мүғалім болған.

1942 жылы соғысқа аттанады. Соғыста Кавказ майданының 3-ші артиллерия полкінде артиллерист, генерал К.К.Рокосовскийдің 21-ші армиясы 125-ші атқыштар полкінде, генерал И.В.Круковтың атты әскер дивизияларында кавалерист болған. Соғыста екі рет жараланған. Соғыс, қазір айтуға жеңіл болғанмен, шынайы көзбен көру, сол бір сұрапылдың ішінде болу дегенің бір басқа. Күнде бір тілім қара нанды бірге бөліп жеп жүрген қанды көйлек қаруласыңның бір сәтте-ақ, жап-жас өмірлерін оққа төсеп, үзіліп кетіп жатқандарын көргенде, жүрегің қан жылайды. Бірақ амал қанша! Анталаған жауға тізе бүгіп, тік жүргенше тіке тұрып өлген артық деп, қаруласыңмен еріксіз қоштасып шабуылға шығасың.

Харьков, Киев, Минск, Варшава қалаларын жау-дан азат етуге қатысады. Соғысты Берлинде аяқтап, 1945-1946 жылдары Балтық жағалауындағы, Кенисберг қаласында әскери борышын өтеп, 1946 жылы әскерден босап, елге қайтады.

1946-1969 жылдар аралығында Ленин жолы, Ақжайлау, М.Горький, Көкжыра, Ерназар, С.Сейфуллин мектептерінде мүғалім, директор, Комсомол, К.Маркс, Амангелді колхоздарында партия үйымының хатшысы, колхоз председателі болып қызметтер атқарды.

1952 жылы Қазақстан коммунистік партиясының VI съезіне делегат болып қатыскан.1969-1981 жылдары Ю.А.Гагарин мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болып, 1981 жылы зейнеткерлікке шықты.
«Халық ағарту ісінің үздігі» белгісінің иегері. І-дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.
Қосағы Сара апа екеуі ұлдарын ұяға, қыздарын қияга қондырган ұлағатты отбасы. Он бала тәрбиелеп өсіріп, немере, шөбере сүйген бақытты ата.

Госархивы ВКО