Ер есімі ел есінде...

Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің естеліктері

Андырбаев Исабек

Мен Андырбаев Исабек 1911 жылы Зайсан ауданы, Бесжылдық колхозында тудым. 1920 жылдан 1925 жылға дейін арабша ауылда оқыдым. 1927 жылдан 1929 жылға дейін егін салып, шөп машинкамен шөп шаптым. Қыста Өскемен, Жанғыз-Төбеге абаз айдадым. 1931 жылы Зайсан ауданымыздың военкомат арқылы 6 ай ученияда болдым.

1933 жылы трактор курсында тракторист мамандығын оқыдым.
1934 жылы Қараталда селосында тракторист мамандығын оқыдым. Колхозда үнемі жоспарды екі есе, артығымен орындап жүріп жыл сайын «Стахановский» атағын алдым, сыйлық алдым.
1934-1935 жылдары Семейге трактор – механик оқуына барып, 6 ай оқыдым да, трактор-механик болып істедім.
1936 жылы Семейге шоферлік курске бардымда, жазында Бесжылдық колхозында істедім.
1936 жылдан 1941 жылға дейін шофер болдым.

1941 жылдың 23 шілдесінде Зайсан аудандық әскери комендатурадан Армия қатарына соғысқа шақырылдым. Өзімнің жүргізіп жүрген машинимен бірге соғысқа кеттім. Өскемен-Семей, Семейден поезбен Өзбекстанның Термез қаласына бардым (Ауғанстанның шек арасы). Осы Термезден №710 отдел Райсвязьға шофер болдым. Командир №710 отдел Райсвязи старший лейтенант Ағафонов еді. Бізді Термизден Москвамен Тула қаласының аралығындағы соғыс майданына әкелді. Осы арада алғаш рет соғыс майданына келдім, жауға қарсы шықтық. Бұл жерде Москва-Тула аралығында мені шоферліктен связнойға ауыстырды.

1941 жылы 25 қыркүекте алдыңғы шетте связной линия тартып, алдыңғы ең жауапты да, маңызды телефон точкісінен артымыздағы точкімен байланыстырып отырдық. Алдыңғы жаудың тап алдымыздағы телефонный точкінің өте соғыстың ең маңызды орны еді. Жау шабуын өте күшті, ауыр еді, біз байланыстырып, жамаған связной линия 10-15 минутта үзіліп қалады. Осы уақытта жау әскерлері шабуыл жасайды, ал басты телефонмен байланыс болмаса жағдай болмайды, біз жау әскеріне төтеп беріп, үзілген линия қосып отырып, байланысты үзілдірген жоқпыз.

1941жылдың 21 қазанда ауыр жараландым. Владимир қаласындағы госпитальға әкелді, содан Урмуртский АССР-нің Ижовский қаласына әкелді, одан Свердловск қаласына ауыстырды. Осыдан бір жыл госпитальдарда емделдім.
1942 жылы қыркүйек айында госпитальдан шықтым, осыдан Свердловск военкомат атынан Свердловск облысы Арамыльский районына қайтадан 221 дивизия 625 полкке бардым, наводник және связист болып полковый минометке 120-минометчик болдым (зам.начальника по политчасти ст.политрук Гребенщиков). Осы частпен Сталинград бағытындағы Сталинград-Москва темір жол үстіндегі жаумен шайқасқа түстік.
1942 жылы 30 қыркүйек - 4 қазан аралығында осы жерде үлкен, ауыр шайқас болды, бірақ жауға жылжымай, оларды алға жібердік. Айналасы 5 күнде мен екінші рет ауыр жараланып, Горкий қаласындағы №2854 эвакуационный госпитальға түстім (начальник госпиталя в/врач III ранга Вяткина).

1943 жылы ақпан айында госпитальдан шығып, үйіме қайтуға болатындығыма қарамастан, ерікті түрде қайтадан Горький военкомат арқылы Ленинград майданына жіберді. Мұнда 124 дивизия 59 армияға авторотаға түстім де, шофер болып істедім. Ладога көлінен 2 рет жүк тасыдым. Мен осында осы дивизиямда, осы авторотада кандидат партияға алып, старший сержант атағын берді.

Нева өзенінің Ладога көлінен шыққан жеріндегі №8 ГЭС-ті 1943ж. июль айында осы өзендегі біздің әскер жағалаудағы жауды шегіндірді. Одан Ленинград облысы мен Волков облысымен қосылып «Станция Мчинскийді» босатып алдық және бүкіл жағаны жаудан тазаладық. Мені миновзводына шоферге алды. Жау шегіне отырып, оборон жасаған жерінеее мино құрып кеткен. Осы миноны алып, траншеяны, окопты босатып отырдық минодон. Әр жұма сайын кезекке алдыңғы радистен телефонистке отыдым. Мұнда 124 Станция Мгинский Краснознаменный дивизия капитаны Самыменді алдыңғы оборонға жиналып, байқауға алып жүрдім. Осы жерде снаряд түсіп, құлағынан контузия сол жақ, өкпемнен жеңіл жараланып, полевой госпитальда болдым, 1943 жылдың желтоқсан айында.

1944 жылдың 1 қаңтарында қайтадан тәуір болып, минотаситын машинама отырдым. Сол жылдың 24 қаңтарында барлық Нева өзенінің бойындағы неміс оборонын кейін шегіндірдік. Біз алдыңғы жау құрып кешпен миноларды тазалап, Қызыл Армияға жол ашып отырдық, мұнда сонымен бірге жау офицерлері мен солдаттары қолға түсіп, оларды особый отделге беріп отырдық. Ленинград облысын түгел азат еттік жаудан, эстония шекарасына дейін бардық. Нарич қаласында жау қарсыласып жібермеді. 1944 жылдың қыркүйек айында Финландияға бардық. Қыркүйек айының ішінде Финляндияны азат еттік. Бұл азат етілгенен кейін Латвия және Беларусия, Польшаны азат еттік, Восточный-Пруск-Кенисберге Германияға бардық. Осы барлық азат еткен жерлерімде мен өзімнің сол бір-ақ машинамда, жүрдім.

1945 жылы 20 мамырда Гермадиядан Жапонияға аттандырды, поезбен 27 күн жүріп Монғолияның солтүстік Баян-Тумен станциясына барып түстік. Монғолиямен Манжужурияның шекарасына бардық, Үлкен Хинген және Кіші Хинген жеріне барып түстік. 1945 жылы қыркүйек айында Манжужурияны жаудан азат еттік. Осы Манжужурияға барғанда мені комиссариятсыз, генерал – полковник болатығын, 124 дивизиядан алдыңғы танкімен бірге жүруге өзіне шофер қылып алды. Бұл кісінің фамилиясын есімде қалмапты, 15 күн Жапониямен соғысуға қасында шофер болып жүрдім. 1945 жылдың 12 қыркүйегінде соғыс бітті, мен өз дивизияма келдім.

Осы барлық 1941-1946 жылдар арасындағы соғыста, мені үнемі өте ауыр жерлерде, үнемі алдыңғы шектерде жүргендіктен, командованияны өз дәреже- шенімен аттағандықтан олардың фамилиялары есімде қалмапты.
Наградаларым өзімнің жалын өмірімдегі.

1. 1943 жылы желтоқсан айында 2 рет «Красный Звезда» ордендерімен маған 124 дивизия Стр. Мчинский Краснознаменый дивизия наградтады (капитан Самылин). 1-ші рет «Красная Звезда» орденін 1941 жылы Москва түбіндегі соғысқа белсене қатысып, жауды жібермегендігіміз үшін берді. 2-ші рет «Красная Звезда» орденін 1942 жылы Сталинград направлениясында соғысқа белсене қатысқаным үшін берді.
2. «За Отвагу» Ленинград соғысында мино құрып, басқадай боевой заданияны орындағаным үшін.
3. «За оборону Ленинграда» медалін берді.
4. «Отличный связист» значогін жақсы связист болғаным үшін.
5. «Отличный шофер» значогімен Ленинград фронтынан бастап бір машинамен Жапония фронтына қатысқаным үшін берді.
6. «За взятие Кенесберге» медалімен наградталдым, осы ұрыста қатысқанмын.
7. «За победу над Германией в ВОВ 1941-1945ж.ж.» медалімен наградталдым.
8. «За победу над Японией» медалімен наградталдым. Осында 1946 жылда жеңіл жарақаттанып күйіп 6 ай Нерчинский қаласы Читинский облыста жатып өз еліме келдім.
9. «В память 250 летию Ленинграда» медалі.
10. «60 лет Вооруженных сил СССР» медалі.
11. «лет Воореженных сил СССР» медалі.
12. «30 летию в Великой Отечественной Войне 1941-1945г.г.» медалі.
13. «Ветеран труда» медалі.
14. «За Освоение Целиных земель».
15. «20 летию в Великой Отечественной Войне 1941-1945г.г.» медалімен және СССР-Жоғарғы Советінің грамотасымен наградталдым.

Госархивы ВКО