Тыл ардагерлері
Шайкенова Рабига Актановна
(01.09.27 г.р.)
40 жылдардағы жасөспірімдердің басына түскен қиыншылық тауқыметі кез-келген жүректі оттай қарып езілтері анық. Тұрмыс жағдайының қиындығы, аштық пен суық ызғарға қарамастан таң белесінен тұрып үлкендерге көмектесу сол кездегі әрбір жасөспірімнің санасына қалыптасқан әдетке айналды. Себебі, олардың көмегінсіз тыл (артқы шеп) жұмыстарының бітуі мүмкін емес еді. Соғыс балалары..... олар жеңістің болатынына сенімді және оны барынша жақындатуға тырысқан жандар еді. Сондай жасөспірімнің бірі Шайкенова (Ақтанова) Рабиға апамыз. Ол кісі бүгінде тыл ардагері, көп балалы ана, немере-шөберелерінің сүйікті әжесі. Бейнетінің зейнетін көріп отырған анамыз өзінің жастық шағы сәйкес келген Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қиындыққа толы жастық шағы туралы сырымен бөлісті. Рабиға апамыз өте ерте, бес жасында ата-анасынан айырылған.
Ол кісіні бағып- қағу мен тәрбиелеу ісі үлкен ағасы Сләм мен әпкесі Күләшқа түсті. Үлкен ағасы совхозда есепші қызметін атқарушы еді, ол кісі қарындасын жиіжиі өзімен бірге жұмысына алып барып жүрді. Сол жерде апамыз есептеудің алғашқы тәлімдерін үйренді. Соғыс басталған кезде ағасы майданга кетіп, ал жап-жас Рабиға соғыстың барлық бейнет-тауқыметін артқы шепте жүріп-ақ барынша тартуына тура келді. Себебі, артқы шептіңде өз соғысы бар еді. Барлық балалар үлкендермен қатар жүріп таңның атысы мен күннің бастысына дейін жұмыс істеулеріне тура келді. Кей кездері тойып тамақ ішпеу мен қанбаған ұйқының салдарынан тіпті аяқтарын алып жүруге шамалары келмей қалатын сәттеріде болған. Алайда, ондай әлсіздікті көрсетпеуге тырысып баққан. Себебі, ол кезде ешкімге де оңай еместігін бәрі жақсы түсінетін. Соғыстағы ағасынан күнделікті хат-хабар күтіп күтіп жүретін. Апамыз ағасының майданнан жазған хаттарын әлі күнге дейін сақтап қойған. Зарыға күткен соғыста аяқталып, елімізге жеңіспен бірге тыныштық өмірдеде орнатыла бастады. Олар Семейге көшу туралы шешім қабылдап қалаға көшті.
Осы жерде апамыз өмірлік тағдыры, болашақ жары – Қалымқан Шайкеновті кездестіреді. Олар 1948 жылы үйленді. Жұбайлар тату-тәтті 33 жыл өмір сүріп, дүниеге 9 бала-жеті қыз, көп күттірген 2 ұл әкелді. Бірге сүрген жылдар аралығында қиындықтарда болып тұрды. Қызметінің ыңғайына байланысты жолдасы үнемі жұмыс басты бола тұрса да, балаларының сабақ үлгерімі басты назарда болды және мектеп өміріндегі іс-шаралардан да бас тартқан емес. Қыздардың айтуынша: «әкеміздің не айтқысы келіп тұрғанын анамыз оның көзіне бір қарап- ақ байқайтын еді» дейді. Барлық балалар жоғары білім алып, үлгілі азаматтар болды. Мемлекеттік банк пен Орталық гастроном ұжымы Рабиға апамызды мейрімділігі, еңбексүйгіштігі, адалдығы мен ашықтығы үшін құрметке бөледі. Осы аталған қасиеттерді апамыз балаларына да сіңіре білді. Қазіргі таңда әр баласының өздерінің отбасыларында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан өз дәстүрлерін қалыптастырғанмен, басты назарда анасынан алған- өз ара түсіністікті сақтау, үлкендерге деген маххабат пен мейірімділік, қамқорлық сақталып келеді. Рабиға апамызда 14 немере, 23 шөбере бар. Биыл апамыз 93 жасқа толмақ, осы құрметті жасына қарамастан апамыз қонақжай, ақылды ана, бақытты әже. Апамыз қолы босай қалса қол өнермен айналысқанды ұнатады, осы жақын аралықта ең кіші шөбересіне шұлық тоқып берді.
Апамыздың Ұлы Отан соғысы жылдары, соғыстан кейінгі жылдары алынған марапат-мақтаулары жеткілікті, бірақ балаларының айтуынша апамыз үшін ең бағалысы «Алтын алқа» белгісі мен Батыр ана атағы