Жеңіс тылда шыңдалған
Тыл ардагерлері
Байдельдинова Гүлбагдат Жағыпарқызы
1934 жылы 20 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қалыбай ауылы Бекберген колхозында дүниеге келді. Тылда бала кезінен 10-11 жастан бастап жұмыс істеді. Колхозда қойды бағып, сауды, шөп шапты, егіс даласында егін жинағанда комбайн жүргізді. Түнде жүн иіріп, шұлық, қолғап тоқып, майдан үшін Жеңіс үшін жұмыс істеді.
Бейбітшілік кезеңде, Завидный балалар бақшасында қоймашы, Тарғын ауылындағы Обухов совхозының клубында есепші болып қызмет атқарды.
Ұлы Отан соғысында қатысқан Байдельдинов Алдажармен 1953 жылы шаңырақ көтерді.
Осы күнде, 7 бала, 15 немере, 15 шөбере сүйіп отыр.