Тыл ардагерлері
Тұрсұмбеков Ақыл Ибраимұлы
(1927-2008жж.)
Тұрсұмбеков Ақыл Ибраимұлы (1927-2008жж.) – 1927 жылы 15 желтоқсанда Семипалатинск губерниясының Абралинск болысының, Каралён ауылында дүниеге келген. 30-шы жылдары Ақыл немере ағасымен Ресейге кеткен. 1937 жылы Ақыл туыстарымен Қазақстанға оралады және Шемонаиха бекетінде тоқтады.
Ұлы Отан соғысына дейін бастауыш мектептің 3 сыныбын бітірген. 1942 жылы майданға кеткен ағасының орынына, Шемонаиха бекетінің Томск темір жол дистанциясына жол жұмысшысының шәкірті болып келеді. Барлық соғыс жылдарын Ақыл Ибраимұлы өз орынынан кетпей, шәршағанынан аяғына тұралмасада, үзіліссіз теміржол жұмысын қамтамасыз етекен. 1945 жылы Ақыл Ибраимұлы «1941-1945 жылдардығы Ұлы Отан соғысындағы сіңірген еңбегі үшін» бірінші медалімен марапатталды.
Ақыл Ибраимұлы жол жұмысшысы лауазымынан бастап Шемонаиха бекетінің 19 дистанция Алма-Ата темір жолындағы бесінші өңірлік жол шебері лауазымына дейін жұмысын адал жасаған.
1999 жылы Тұрсумбеков Ақыл Ибраимұлына темір жолында жоғарғы нәтижелері, аудан экономикасы дамуына үлкен үлес қосқаны үшін «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.
ШҚО ММ және ҚБ «Шемонаиха ауданының мемлекеттік мұрағаты» КММ, 135қ., 1т., 1,7, 22 іс.,