Жеңіс тылда шыңдалған

Тыл ардагерлері

Құспеков Ақынтай

1920 жылы Зайсан уезінің Шілікті өңірінде өмірге келді. Кішкентай кезінен қиыншылықты көп көрген. Шешесінен ерте айрылып, аға-жеңгесінің тәрбиесінде болды. 1941 жылы соғысқа алынды. Майданда 3 рет жараланды. 1942 жылдың 2 тамызынан 1943 жылдың 10 сәуіріне дейін дивизияда атқыш болды. 1943 жылы 10 сәуірде шайқаста снаряд жарқыншағы тиіп ауыр жараланды. Сол аяғынан айрылып, госпитальге түсті. Әскери комиссияның шешімі бойынша соғысқа жарамай ІІ топтағы мүгедек болып атамекенге оралды. Елге келісімен «Қарабұлақ» колхозында еңбекке араласты. Жалғыз аяқпен жүріп  барлық тапсырылған жұмысты ойдағыдай атқарды. Колхозда күзетші, учетчик, тағы басқа жұмыстарда істеді.
Құспеков Ақынтай зайыбы Тасубаева Камал екеуі 6 бала тәрбиелеп өсірді. Ақынтай майдан, тыл ардагері. «Германияны жеңгені үшін» медалімен, «Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 20,30,50 жыл», «Қарулы күштерге 60 жыл» мерекелік медальдарымен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының Зайсан филиалы