Жеңіс тылда шыңдалған
Тыл ардагерлері
Қанапиянов Мәуіт
1925 жылы 21 желтоқсанда Зайсан ауданының (1928 жылға дейін уезд) Жарсу ауылында дүниеге келді. Ауылдағы мектепте оқып, бастауыш білім алды. 15 жасында (1940 жылы) Каганович колхозында еңбек жолын бастады. Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін 2 жыл тылда тынбастан жұмыс істеді.
1943 жылы 18 жасында Отан соғысына аттанды. Москва түбіндегі, Украина жеріндегі қанды қырғынға қатысты.Қиыр Шығыста Жапонияға қарсы соғыста болды. «Отан соғысы» орденімен, бірнеше медальмен ардақталды. Тыл, соғыс ардагері ұзақ жылдар колхоз, совхозда еңбек етті.
Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының Зайсан филиалы