Жеңіс тылда шыңдалған

Тыл ардагерлері

Жуликбаев Найын

1925 жылы туған. Жастайынан жетім қалып, орыс шаруасының (крестянин) қолында өсті. Көп қиындық көрді. Қараталда колхозда жұмыс істеді. 1941 жылы жазда соғыс басталғанда тылда 2 жылдай тынбастан еңбек етті. 1943 жылы 18 жасында әскерге шақырылды. 1944 жылдың 1 наурызынан 1 Белорусь майданындағы 695 артиллериялық полктің құрамында неміс басқыншыларына қарсы шайқасқа қатысты. Гомель қаласы үшін болған ұрыста жараланып госпитальға түсті, одан шыққан соң өз полкіне оралып, Смоленск, Минскіні азат етуге қатысты. Буг, Висла, Одер өздерінен өтуде ерлік көрсетті. Одер үшін ұрыста аяғынан жараланып, Горький облысындағы Викса қаласындағы госпитальда 7 ай емделді. Соғыс біткеннен кейін әскери қызметте қалдырылды.
1947 жылы Мәскеуде ішкі істерде (милиция) қызметте болды. Кейіндер Тула қаласында Заречный аудандық 3-бөлімшеде қызмет атқарды.
Майдандағы ерлігі үшін 2 дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен, басқа да медальдармен марапатталды.
1965 жылы Қаратал ауылына оралып, совхозда әртүрлі жұмыста істеді.

Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының Зайсан филиалы