Тыл ардагерлері
Жағыпаров Қадылбек
1924 жылы өмірге келді. Бала кезінен қиыншылықты көп көріп өсті. Ашаршылық жылдарындағы адам айтқысыз жағдайды еске алудың өзі қорқынышты.
Ол 1943 жылы мамырда әскерге алынғанша тылда жан аямай жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысында Жапонияға қарсы соғыста ерлікпен шайқасты. Хабаровскіде №264 атқыштар дивизиясында болды. 1904 жылы жапондар басып алған Сахалинді азат етуге қатысты. Жапондарды өз жерінде талқандауда ерлік көрсетті.
Ол Зайсанға 1947 жылы оралды. Майдандағы ерлігі үшін «Отан соғысы» орденімен, көптеген медальмен марапатталды.
1948 жылы аудандық ішкі істер бөліміне қызметке орналасты. Қадылбек ағаның қылмысты ашудағы білгірлігі қазір аңызға айналған. Милицияның аға лейтенанты Қадылбек Жағыпаров ішкі істер қызметінің үздігі, «Совет милициясына 50 жыл» мерекелік медалімен, Құрмет грамоталармен ардақталған.
Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының Зайсан филиалы