Тыл ардагерлері
Ғазизов Равиль
1927 жылы Зайсан өңірінде өмірге келді. Бұғанасы бекімей тұрып бала кезінен еңбекке араласты. Ұлы Отан соғысы басталғанда 14 жаста болған, тыл өміріндегі қыруар жұмыстарға қатысты. Тылда үлкендермен қатарласа 3 жыл күн, түн демей еңбек етті.
1944 жылы әскерге шақырылды. Қиыр Шығыста Жапониямен соғысқа қатысты. Соғыс біткенмен әскерде 1952 жылға дейін болды. Сол жылы Зайсанға оралды. Бейбіт өмірде ұзақ жылдар жол мекемелерінде жұмыс істеді. Техника жайын өте жақсы білгендіктен оған үнемі мотор жөндеу жұмыстары тапсырылатын.
Равиль Ғазизов екі майданның ардагері. ІІ-дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. Аудандық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі.
Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының Зайсан филиалы