Жеңіс тылда шыңдалған

Тыл ардагерлері

Байболов Әмірхан Қайырғазыұлы

1910 жылы туған. Шығыс Қазақстан жеріндегі аласапыранда (Кеңес өкіметінің орнауы, азамат соғысы, коллективтендіру, ашаршылық т.б.) балалық, жастық шақтарын өткізген. Мектепте оқып, орта білім алды. Күршім ауданындағы Ақсуат ауылдық Кеңесінің төрағасы болды. 1941 жылы әскерге алынды. 1942 жылы Сталинград шайқасында ауыр жараланып, туған жеріне оралды. Тылда аянбай еңбек етті.
Өмірінің соңғы 10 жылын Зайсанда өткізді. Ұлы Құмашкен Әмірханов Зайсан, Большенарым аудандарының ішкі істер бөлімінде жауапты қызметтерді атқарды, милиция полковнигі. Екінші ұлы Құнапия Әмірханов ұзақ жылдар Зайсан аудандық ішкі істер бөлімінде қызметте болды.

Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының Зайсан филиалы