Жеңіс тылда шыңдалған

Тыл ардагерлері

Абылханов Қабидолда (Қабыкеш)
(1903 ж. – 1979 ж.)

1925 жылы 25 мамырда Жарсу ауылында өмірге келді. Осы ауылдағы «Правда» орталау мектебінде оқыды. Бала кезінен зерек, ынталы, еңбекқорлығымен танылды. Әсіресе есепке жүйрік болды. Ұлы Отан соғысы басталған 1941 жылы жазда «Калинин» колхозында еңбек етіп жүрген. Тылда 2 жылдай бел шешпей жұмыс істеді, шаруашылықты есеп жұмысына атсалысты. 1943 жылы майданға шақырылды, 2,5 жыл алғы шепте қанды қырғында жүрді. Елге 1950 жылы оралды. 1958 жылы Петропавл қаласындағы ауыл шаруашылық техникумын бітіріп, агроном мамандығын алған. Әскерден келгеннен кейін «Калинин», « Ворошилов» колхоздарында қызметте болды, 1962-1981 жылдары «Зайсан» совхозында, 1981-1987 жылдары «Мичурин» совхозында бас экономист болып еңбек етті. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Экономикалық оқуда насихатшы, «Білім» қоғамында лектор, саяси хабаршы сияқты тапсырмаларды мінсіз орындады.1 дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордені, 6 медаль, көптеген грамота, алғыстармен ардақталған. Ауданға еңбегі сіңген тыл, соғыс ардагері, ардақты әке ретінде танылған ағаларымыздың бірі.

Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының Зайсан филиалы