Жеңіс тылда шыңдалған

Тыл ардагерлері

Алмазин БулюковАлмазин Булюков
(1903 ж. – 1979 ж.)

Фронтқа сыйлықтар.
(Ленин орденінің иегері, белгілі металлург, тыл еңбеккері Алмазин Булюков туралы)

1924 жылдан бастап Алмазин Булюков Риддер таукен өндірістік комбинатында еңбек ете бастайды. Ол 21 жаста еді. Ол Жоғарғы – Хариузов гидроэлектростанциясынаң құрылыснда мырыш зауытына кен тасымалдау жұмыстарын атқарады. 1927 жылы Кеңес Одағының Коммунистік партиясына енеді. 1928 жылдан бастап мырыш зауытының электрқұю цехында прессовщик, Катодчик, Бочуковщик болып қызмет ете бастайды, соынмен қатар шахтерлер үйінде окуын оқиды.
Екі жыл өткен соң цехтің ауысымды шебері болады, тек жоғарғы сапалы  кадмия мен сурьманы алу процесін үйренді. Республиканың 15 жіне 20 жылдыктарында құрметті грамотасымен марапатталған.
1937 жылы электрқұю цехының аға ауысымды шебері болып тағайындалады, стахановтер слетіне жолданылады, 4 жылдан соң «Отличник социалистического труда» белгісімен марапатталады.
1930 жылдан 1946 жылға дейін электрқұю цехінің партия-комсомолдық тобының хатшысы болған, 1939 жылдан бастап қалалық Кеңес депутаты болып сайланады.
Соғыс жылдарында құрамында 17-19 жастағы қыздары бар комсомолдық – жастар бригадасын басқарған, оларға кадмияның өндірістік құпияларын үйреткен. Содан соң Булюков стахандық вахтасында мырыш еріту бойынша қызметке тұрады, онда ол өз жұмысын әрдайым жоспардан жоғары орындап отырды.
1941 жылдың желтоқсанында Алмазин Булюковқа қалалық комсомолдық партия және қалалық орындаушы комитеті Солтүстік-Батыс фронтының жауынгерлеріне сыйлықтар толы вагонды жеткізу міндеті жүктеледі. «Қымбатты жолдастар, Сіздерге, жаңа жылдық сыйлығымызды және өзіміздің жалынды салемімізді жолдаймыз !, Келе жатқан 1942 жыл Ұлы Отан жеңісінің жылы болсын... Тағы да сіздердің жойқын күштеріңіз көбейе берсін. Біз тағы да көптеген мырым береміз, оны бандиттік фашистерді атудан аямаңыздар. – деп хат жазды лениногорлықтар»
Алмазин Булюков алдынғы шеңді 1342 кг кептірілген нан (106 жәшік), 671 кг прәндік (671кг), 486 кг кепкен тоқаштар (18 жәшік), 355 пачка темекі, екі мөшек қант, екі бөшке бал, және екі тұздалған капуста, екі жәшік кір сабын, үш жәшік балыұ, бес жәшік сары май, 700 кг шұжық, 12 жәшік консервы, сонымен қатар 12 жәшік спирт, 40 жәжік арақ «Московский» және 37 жәшік қызыл шараптың әр түрін,  сонымен қоса – шолақ тондар, қалың шалбарлар, пималар, қолбақтар жеткізді. 24 желтоқсанда әдемі әшекейленген, сыйлықтарға толы  60 тонналық №831297 вагонмен А. Булюков алдыңғы шенге аттанады.
31 қаңтарда вагон Старый Русе бағындағы фронтқа келді. Ары қарай баруға болмады. Алмазин айтты: «Мен Лениногорсктанмын, мырыш зауыты ұжымынан, Біз тыным таппай еңбек теудеміз. Бәрі фронт үшін, бәрі Жеңіс үшін!». 1942 жылдың 1 ақпанында А. Булюков Лениногорс қоғамдық ұйымы сыйлықтарын әскери базаға акт бойынша жеткізді.
Жауынгерлер ыстық ықыласпен алғыстарын білдірді, Булюков шенде 3 күн болды. Және сол күндер оның жадында мәңгіге сақталып қалды. Қоштасу кезінде фронтовиктер барлық лениноорслықтарды сыйлықтары үшін алғыстарын білдірді, олардың көп еңбектенуін және фронтқа көмектесулерін сұрады. Алғыр металлург былай деп жауап қайтарды: «Сіздердің салемдеріңізді жеткіземін. Ал Сіздер фашистерді еш аяусыз атыңыздар, кеңестік отанымыздан қуыңдар оларды. Сіздер Берлинге жеткенде, менде келемін, лениногорлықтардың сыйлықтарын әкелемін!». Бұл тілек барлық фронтовиктерге үлкен әсер етті.
Ұзақ бес айдан кейін Алмазин Булюков өзінің туған қаласына оралады. Ұлы Отан Соғысына бар жоғы бір жыл ғана болғанда Шығыс Қазақстан облысынан фронтқа 200 мың дана жылы киімдер, бір мың тоннадан астам сыйлықтар, оның ішінде 380 тонна Ленинград қала қаһармандарының қорғаушыларына жолданылды.
А. Булюков 20 жылдық еңбек өтілінде Ленин ордерімен және Еңбектің Қызыл белгісімен, «Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін». Медальдарымен марапатталды. Қаланың құрметті азаматы, Алмазин Булюков Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің грамоталарымен бірнеше рет марапатталған.1979 жылдың сәуірінде өмірден өтті.

Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының Риддер филиалы, М. Немцевтің («Батырлар арасындағы біздің аттарымыз» атты кітабынан,  «Полиграф-Сервис» ЖШС, Риддер, 2015) «Фронтқа сыйлықтар» мақаласы, филиалдың «Лениногорлықтар фронтта» тақырыптық үзінді.