Тыл ардагерлері
Немцев Илларион Елисеевич
(1929 ж. – 1995 ж.)
Немцев Илларион Елисеевич — Социалистік Еңбек Қайраткері, тыл еңбеккері.
1929 жылдың 10 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Лениногорск ауданының Вдовинск ауылында дүниеге келген. Әкесі - Елисей Самсонович аңшы – ескі әдет – ғұрыпты сақтайтын адам, анасы – Лампея Мироновна. Анасы 1937 жылы ұзақ аурудан соң көз жұмады. Бес баланы Елисей Самсоновтың екінші әйелі Федора Фроловна бағып қағады. Әкесі 1942 жылы Сталинград шайқасында қайтыс болады.
Балалары тез ер жетеді. Илларион аңшылықпен айналысады, ара бағудың қыр- сырын үйренеді. Мектепті аяқтағаннан кейін, сельпоға жұмысқа орналасады. 1949 жылдың тамызынан 1952 жылдың желтоқсанына дейін Полоцкіде әскери борышын өтейді, сол жерден автокөлік жүргізу курсын тамамдайды. Әскерден қайтқан соң 1954 жылға дейін Лениногорск полиметалл комбинатының Андреевский кенішінде жүргізуші болып жұмыс істейді.
1954 жылдың мамыр айырда ол Лениногорск ағаш өнеркәсібі шаруашылығында ағаш тасу бойынша шофер болып жұмыс атқарады, кейіннен сол жерге Сакмариха орман учаскесіне көшіп келеді. Жыл өткен соң 6 разрядтағы ағаш құлатушы болып ауысады. 1957 жылы Илларион Елисеевич кіші ағаш дайындау комплексі бригадасының бригадирі болып тағайындалады. 1961 жылы жұмысты кешенді және тиімдлі ететін қылқұрт шығарылды. И.Е. Немцевтің бригадысы жоспардан тыс жұмыстар жасап, ағаш өдірісі шаруашылығының ең мықтысы болды. Немцев жеті жыл ішінде (1959-1965жж.) жақсы көрсеткіштер көрсеткені үшін Ленин орденімен марапатталады. Лениногорск ағаш өндірісі шаруашылығының 1963 жылғы 13 қазандағы №23 куәлігімен «Коммунистік еңбек екпіндісі» атағы беріледі.
1967 жылдың 31 тамызында И.Е. Немцевқа «СССР орман, целлюлоздық-қағаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі Министрлігінің социалистік жарыс үздігі» атағы берілді, 1969 жылы «Ағаш дайындау және ағаш ағызу құрметті шебері» атағы берілді, оның аты Лениногорск ағаш өндірісі шаруашылығының Құрмет Кітабына енгізілді.
8 – ші бесжылдықтың басында Немцев «Бесжылдыққа – 4 жыл!» жарысы бастамасына қатысты. Бригада бесжылдық тапсырмасын 3,5 жылда аяқтап, өз міндеттерін артығымен орындады. 1970 жылдың 26 наурызында И.Е. Немцев «Қажырлы еңбегі үшін,. В.И. Лениннің туылған күніне 100 толу құрметіне» мерейтой медалімен арапатталды.
И.Е. Немцевке 8-ші бесжылдықтағы жоғарғы өндірстік көрсеткіштері үшін, бригаданы басқара білгені үшін СССР Кеңеңсінің Жоғарғы Президиумның 1971 жылдың 7 мамырдағы Жарғысымен Ленин ордені, Алтын Жұлдыз медалі беріліп, Социалистік Еңбек Қайраткері атағы берілді.
1972 жылдың қаңтарында И.Е. Немцев Мәскеуде өткен орман, қағаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіподағының IХ съеінің жұмыстарына қатысты. 1972 жылдың қарашасы және 1976 жылдың тамызында Лениногорск ағаш өндірісі шаруашылығы еңбегігінің Құрметті ардагері болды, 1985 жылдың қаңтарында Илларион Елисеевичке «Еңбек ардагері» медалі берілді.
И.Е. Немцев 1995 жылдың 29 қарашада өмірден өтті.
Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының Риддер филиалы, 261қ., 1т., 160і., 1б., «Таёжный герой» М.Немцева («Среди героев наши имена» кітабы, «Полиграф-Сервис» ЖШС, Риддер, 2015). мақаласынан