Тыл ардагерлері
Бике Айдарханов
(1918 ж. – 1971 ж.)
1918 жылдың 5 желтоқсанында Павлодар губерниясының, Лебяжин болысы, Қорт Майқарағай сельсоветінде Айдархан мен Жамиланың үлкен отбасында дүниеге келген. Казантай ауылында Бике 4 класты бітіріп, колхозда қосалқы жұмыстар жасады, комсомолға кірді.
16 жасында комсомолдық жолдама бойынша Семипалатинск обкомнан Риддерге келіп, фабрика- зауыттық жетіжылдықта білім алып, «Риддерцинк» тау-зауыт комбинатының Григорьевск шахтасында қосалқы жұмыстарды атқарды. 1937 жылы қорғасын зауытында жүк тиеуші жұмыстарын жасайды. Т.П. Филатовтың металлургтар бригадасында зауыттың шоғырланған бөлімінде қорғанысты бөліп шығарудың күрделі өндірістік процесінің оқып үйренді. Бірнеше ай өткен соң Бикені пеш бригадирі болып тағайындалды, ал біраз жылдар өткен соң балқытудың қыр сырын меңгеріп, тәжірибелі шебер болды, партияға енді. Көптеген жас балаларға көмектесті, солардың арасында Кеңес Одағының болашақ Қайраткері Төлеген Тоқтаровта бар еді.
Ұлы Отан соғысы басталды. Бике Айдарханов әскерге шақырылды, бірақ оны агломератчик бригадир екендігін біліп Алматыдан зауытқа кері қайтарады.
- Тыңда! - деді оған военком, - Ал бізге жеңіс үшін оқтарды кім дайындайды?
Бике ауытқа қайтып оралды. Онымен бірге Иван Свадьбин, Рахимғали Джепыкбаев, Тлеухан Карымсаковта оралды, олар рекорттық көрсеткіштерге жетті: 1941 жылы қорғаныс зауыты жоспардан тыс бір миллион рубль өнім шығарды. Олар қорғаныс маңыздылығы тапсырмасын мерзімінен бұрын орындағаны үшін социалистік жарыстар бастамасына енді. 1942 жылы сүрме және гарбледегі сүрме шығара бастайды. Алдағы вахта пешінде біліктілігі жоғары маман Бике Айдарханов өзі тұрды.
1942 жылдың 7 қарашасында Лениногорск зауытбасқармасының қорғаныс зауыты «Қазақ ССР ең үздік металлургиялық зауыты» болды, оған ЦК КП (б) және Қазақстан СНГ ауыспалы Қызыл туы берілді. Зауыттың алғыр жұмыскерлерін, соның ішінде А.Б. Айдархановты 1943 жылдың 31 мамырында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңес Президиумының құрметті грамоталарымен марапатталып, «Становцы военного времени» кітабы табысталды. 1942 жылы зауыт елімізде өндірілген қорғасынның жартысын ерітіп, жоспардан тыс өнім берді, 40 миллион оқ жасап шығарды. Бике Айдархановқа «Қазақ ССР Еңбек сіңірген металлургі» атағын берді. 1946 жылы агломерациондық цехта заманауи жаңа құрылғыларды іске қосуға қатысты, оны аз уақыттың ішінде игеріп, жас металлургтерге үйрете бастады, рационалдық жұмыстарға қатысты.
Ерен еңбегі үшін «Ұлы Отан соғысында қажырлы еңбегі үшін», «Еңбек қажырлығы үшін», «Еңбек қайраткері» медальдарымен, «Қазақстанның 25 жылдығының» құрметті грамотасымен марапатталған. 1966 жылдың 20 мамырынды Лениногор полиметалл комбинатының қорғасын зауытының агломератчик бригадирі Бике Айдархановқа Социалистік Еңбек қайраткері атағы Ленин орденімен, Алтын Жұлдыз медалі берілді.
- Мен қорғасын зауытында отыз жылдан артық жұмыс жасадым. Сол уақыт арасында мен көп қиындықты бастан өткердім. Соғыстың қиын кездерінде біздің еңбеккерлігімізге, шеберлігімізге тәуелді болды, соны түсіне отырып, біз қорғасын құюшылар жеңіс уақытын жақындату үшін барымызды салдық.
1971 жылдың 28 казанында ауыр кәсіби сырқаттан соң, Бике Айдарханов өмірден қайтты.
Лениногорск қаласының (2002 жылдың 28 маусымында – Риддер қаласы) көшесіне Бике Айдархановтың аты берілді. Лениногорск қалалалық орындаушы комитетінің 22.12.1972ж. №496 шешімімен 4 ықшам аудан көшесі Б. Айдархановтың аты берілді. Лениногорск қалалалық орындаушы комитетінің 10.07.1986ж. №258 шешімімен Шахтерский көшесі Б. Айдархановтың, Социалистік Еңбек Қайраткеріның аты берілді.
Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының Риддер филиалы, 261 қ., 1т., 11і., 1б.; 160і., 1б.; 53 қ., 1т., 104і., 1б.; М. Немцевтің («Среди героев наши имена» кітабі, «Полиграф-Сервис» ЖШС, Риддер, 2015) «Стальной характер» мақаласы қолданылды.