И помнит мир спасенный...

Изгутты Айтыков

Ардақты аса қадырлы: ағайға, Тәтеме, Жаннатыма, Женгейге, Күляшқа, Рыскенге, Советтің, үй ішіне. Мағауға, тағы мені сураған жанның бәріне сағынған Ізкендеріңнен сансыз сәлем! Аман, халдарыңыз жақсы жүріп жатырсыздар ма? Астықтарыңыз қалай? Колхоз бастықтарыңыз кім?Бригадирдеріңіз кім? Елдегі жігіт мен білетін адамдардан кім бар кім жоқ?Хал жағдайларың. Ал менен хабар сұрасыңыздар, онша жаңалық жоқ, аман-есен, халым өте жақсы. Ұлы көсеміміз Сталин жолдастың приказын орындауға даярланып жатырмыз. Қаданнан, Қапардан хат алып тұрамын. Басқа адамдардан хабар білмеймін. Осы хатты алысымен, біздің үйдің хабарын менің сұрақтарыма толық жауап қайтар деп ойлаймын. Ал енді көп не жазайын, аман жолыққанша қош-сау болыңыздар. Тәтем айтып отырса Жаннатым жазады ғой мен қалай жазылса да түсінемін. Мені сұраған жанның бәріне сансыз сәлем айтыңыздар. Жерден қазған үйде отырып, еліне хат жазып отырған Ізкендерің 2 маусым 1944 жыл.
Вос. Казах. Обл. Уланский р-н Скалистинский с/сов село Солдатский Имашевой Жанната
Имашевой Жанната.
Полевая почта №25677

Ардақты Інім, Апай! Қалай аман халыңыз жақсы, деніңіз сау жүріп жатырсыз ба? Сіздің Өскеменде жазған хатыңызды оқып хат жазған едім, енді үйге барды ғой деп. Ұлы Отан үшін, Сталин үшін «Боевой  задача-ға» жүргелі тұрып, сіздей жан бауырыма хат жазып отырмын. Есіңізден бұл хатты шығармаңыз. Жан апайым менің халым өте жақсы. Өзіміздің гвардиялық частьта авторитеттік күшті сансыз қызмет атқарамын. Апайжан барлық менің туғандарыма, сағынған ағаң Ізкеннен сансыз сәлемді, Ағаға сәлем айт «сарауыз» інің, Отанын қорғап жауға соққы беруді жасы кіші жан бауырым мені ұмытпай қызықты хат салып тұрыңыздар.*
ҚССР Вост. Каз. обл. Уланский р-н Уранхайский с/сов к/з им. Кызыл-Ту.
Қожыбаевой*
Полевая почта №25677   
*текст не удалось восстановить.

Ардақты құрметі аса қадырлы сағынған қарт әжеме, үлкен кіші ағаға, сұраған мені жандарға, қарындасым Жанатқа қағаз  атты маңғазға, кішкене інім Советжан, қарындасым Рысжан, жүдеп жүрген тәтеме. Үлкен маңғаз ағайға, Қизіке, Злиқа атты ... басқа үлкен кіші қарындас, ойлаған мені көп жолдас. Фронттағы балаңнан, фронттағы ағаңнан, сағынған қатты Ізкеннен-көптен-көп сәлем! Қалай аман есен, қал жағдайларың жақсы жүріп жатырсыздар ма?
Ал менен хабар сұрасаңыздар бүгін сіздердің 9/IV-43 жылы жазған хаттарыңызды 17/V-алып қандай қуанғанмын... Өйткені бір жылдан сіздердің жазған қаттарыңызды алып отырғанымды еске түсірсеңіздер белгілі болар, менің туысқан елім Үлкен кіші қарындас, үлкен кіші ағалар маған неге хат жазбайды мен хат салмады дейме, мен барлықтарыңызға жаздым. Оған уақыт керек. Тез арада қанішерлердің көзін жоғалтып, туған өскен жерлерге бізді күткен жандарға қайтуға біз асықпыз.* Отанды қорғауда тұрмын. Біз жалғыз емеспіз. Барлық бостандықты тілейтін халықтың әскерлерімен қосылып қанішерлерді құртамыз. Ол уақытқа жақындадық. *Басқа жолдастардан хат хабар бар ма? Маған адресін жазыңыздар. Енді көп не жазайын менің жолдастарым аман, жанымда гвардия млатчи лейтенант Абсеитов Райымбек бар. Екеуміз қызметті бір істейміз, хал жағдайымды сұрасаңыз өте жақсы, тамақ тоқ, киім көк деген сияқты ойнап күліп жатырмын. Біз сіздерді түк ойламаймыз сіздеріңде ойлап жылап сықтаумауыңыздарды сұраймын. Бір жігіт  то есть ер жігіт тірі болса елін бір табар. Ал апа, тәте бізді ойлай бермей, өз халдарыңызды ойлаңыздар Бізге Шөке бас даярлап қойыңыздар ха-ха-ха күлсін деп жазып отырмын  сөкпей қатасы болса, түзеп оқыңыздар.  Хатты толық жазыңыздар. Менің адресім өзгерді, тез-тез өте көп жаз.
Полевая почта №25677 «Л»*
*текст не удалось восстановить

Госархив ВКО