Шығыс Қазақстан облысы  ардагерлер қоғамдастығының үндеуі

23 сәуірде өткен «Nur Otan» партиясы съезінде делегаттар мен қатысушылар кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президенті сайлауына қатысатын Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Біз, Шығыс Қазақстан облысы ардагерлер қоғамдастығының өкілдері «Nur Otan» партиясының XIXсъезінің шешімін толықтай қолдайтынымызды  мәлімдейміз.

Бізге, шығысқазақстандықтарға, жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың сабақтастығына сенімді болу аса маңызды.  Біз, ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімнің нығайуын, сондай-ақ, әрбір отбасыныңәл-ауқатының артуын қалаймыз!

Біз, Қазақстанның одан әрі саяси жаңғыруын, әлеуметтік әділеттікті, біздің көпұлтты қоғам бірлігінің бекемдене түсуін қалаймыз!

Сондықтан біз, барлық қазақстандықтарды, ағымдағы жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентін сайлауға қатысуға шақырамыз.

Шығыс Қазақстан облысының ардагерлер ұйымдары Өскемен қаласы, 2019 жылғы26сәуір