Олардың есімдерімен аталды...

Зайсан ауданы

Әубәкіров Манаф Әубәкірұлы

Батырдың аты: - Көкпекті ауданы Мариногорка ауылындағы көше; - Зайсан қаласындағы саябақ. Үш дәрежелі Даңқ орденінің кавалері, кіші сержант, 1-ші Белорус майданының 312-ші атқыштар дивизиясының 375-ші жеке жойғыш-танкіге қарсы дивизионының зеңбіректік есеп командирі. Польша, Германия аумағында соғысқан.

Головченко Василий Евстафьевич

Зайсан қаласындағы көше батырдың есімімен аталады. Кеңес Одағының Батыры, 39-шы армияның 338-ші атқыштар дивизиясының 1134-ші атқыштар полкі батальонының командирі. Солтүстік-батыс, 3-ші Белорус майдандарындағы шайқастарға, Балтық жағалауын азат етуге қатысқан. Ленин орденімен, екі Қызыл Жұлдыз, I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, "Алтын Жұлдыз"медалімен марапатталған.

Вернуться к списку "Их именами названы..." по районам